15 июня 2020 | 17:59

Түлектер ҰБТ-да қандай санитарлық талаптарды орындауы керек?

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото ©Тұрар Қазанғапов

ҰБТ тапсыратын түлектер санитарлық нормаларды сақтау үшін 5 бақылау кезеңінен өтеді. Бұл туралы БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰБТ тапсыратын түлектер санитарлық нормаларды сақтау үшін 5 бақылау кезеңінен өтеді. Бұл туралы БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дидар Смағұловтың айтуынша, ҰБТ кезінде ғимаратқа кіргізу кезінде тест тапсырушылардың арасында 2 метр қашықтық қатаң сақтап, маскамен кіру керек.

Реклама
Реклама

"Әр түлек 5 бақылау кезеңінен өтеді. Оның ішінде:

- сыртқы киімді дезинфекциялық ерітінділермен залалсыздандыратын арнайы туннель арқылы өту;

- аяқ киімін арнайы төсенішпен дезинфекциялайды;

- одан кейін қолын санитайзармен өңдейді; 

- термобақылаудан өтеді; Дене қызуы анықталған жағдайда кезекші медициналық қызметкерлер бригадасы шұғыл көмек көрсетеді;

- қалған әрекеттер техникалық мамандардың талаптарына сай орындалады. Әр пункте қауіпті болмайтын жағдайға арналған қосалқы аудиториялар қарастырылған. Барлық медициналық-санитарлық кезеңнен өткеннен кейін тест тапсырушыға респираторлық немесе бір рет қолданылатын маска беріледі. Бір рет қолданылатын масканы тестілеу барысында ауыстыруға мүмкіндік қарастырылған", - деді ол.

Сонымен қатар, тест тапсырушы сәйкестендіруден өтеді. Тексеруші мен тест тапсырушының арасында қашықтық сақталады. Әр қабаттағы дәлізде санитайзерлер орнатылады. Заттардың бетін барынша ұстамауы үшін дәліздер мен аудиторияларда есіктер ашық болады. Аудиторияда тест тапсырушылар кемінде 2 метр қашықтық сақтап отырады. Бұл ретте аудитория үнемі желдетіліп отырады.

Аймағамбетов ҰБТ-да қандай сұрақтар алып тасталғанын айтты

Директор ата-аналарға ҰБТ кезінде келмей, балаларын онлайн бақылауға шақырды.

"Елімізде карантинге байланысты адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынғанын атап өткім келеді. Бұл ережелерді елемеу түлектеріміз үшін қосымша тәуекел екенін түсінуіміз керек. Сондықтан мен ата-аналардан алдын ала кешірім сұрап, оларды түсіністік танытуға шақырамын. Өйткені оларға ҰБТ өткізу пунктіне келуге рұқсат етілмейді. Ғимарат аумағын құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоршайды. 

Әрбір ата-ана ҰБТ-ны онлайн бақылай алады. Сілтемелер мен қосымшалар ҰБТ тапсырардың алдында біздің сайтта немесе әлеуметтік желілерде жариялаймыз", - деді ол.

Еске салайық, биыл ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында 168 пункт бойынша өтеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram