РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
01 сентября 2023 | 11:28

Түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Президент түбегейлі өзгерістер дәуірі басталғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Президент түбегейлі өзгерістер дәуірі басталғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әрине, басқа елдер де қарап отырған жоқ, олар да алға қарай ұмтылып, дамуда. Бір сөзбен айтқанда, жаһандық экономика және халықаралық еңбек нарығы түбегейлі өзгеруде.

Технологиялық бәсеке қызып тұр. Барлық жерде ресурстар үшін талас жүріп жатыр. Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және демографиялық тұрғыдан орнықты даму ең өзекті мәселеге айналды. Бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды.

Осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет. Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс", - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялап, Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети