ПОДЕЛИТЬСЯ
05 мая 2021 | 17:47
Цой вакцинаның екінші компонентін салдыру мерзімін түсіндірді
Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін 45 немесе 90 күн күтпей, 21 күн өткенде де салдыруға болады. Ол үшін өтініш қалдыру керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін 45 немесе 90 күн күтпей, 21 күн өткенде де салдыруға болады. Ол үшін өтініш қалдыру керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, екінші компонентті салдыру уақытын ұзарту шешімі вакцинаны шығарушылардың тұжырымына негізделген.
"Бұл әлемдік тәжірибе. Бізде вакцина шығарушылардың тұжырымы болды. Біз үшін бұл өте маңызды, себебі вакцинаны шығарушылар ғана оның әсері мен тиімділігіне мониторинг жасайды. Сонымен қатар, вакцинаны жеткізген елдердегі нәтижелерді көріп отырады. Бірінші компоненттен кейін де белгілі бір иммунитет қалыптасады және ол 90 күнге дейін интервал жасауға мүмкіндік береді", - деді министр.
Цойдың сөзіне қарағанда, екінші компонентті 21-інші күні салдыру үшін алдын ала өтініш қалдыру керек.
"Бізге көптеген азамат хабарласты, бірі бір жаққа кетіп жатса, енді бірі 21-күні екінші компонентті салдыра алмайтынын айтады. Екінші компонентті қанша күнде салдыруға болады деген алаңдау болды. Осыған байланысты, вакцинаны шығарушылар екінші компонентті 21-90 күн аралығында салдыруға болатынын мәлімдеді. Егер сіз екінші компонентті 21-күні салдырғыңыз келсе, жергілікті емханаға немесе біріншісін салдырған пунктке алдын ала барып, екінші компонентті салу туралы өтініш қалдырсаңыз болады, салып береді", - деді Цой.
Министр екінші компонентті алу уақыты өзгеруі тек "Спутник V" вакцинасына қатысты екенін, қалған вакциналар бұрынғы тәртіппен салынатынын айтты. Сонымен қатар, ай сайын қазақстандық QazVac вакцинасының 100 мың дозасы жеткізілетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін салдыру уақытының өзгергені хабарланған болатын.
"Спутник V" вакцинасының екінші компонентін салдыру уақыты өзгерді
Показать комментарии
Читайте также