РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
04 мая 2021 | 10:07

Цой вакцина салдырғандар қандай шектеулерден құтылатынын айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Қазақстанда вакцинаның екі компонентін де салдырғандар үшін бірқатар шектеу алып тасталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.


Қазақстанда вакцинаның екі компонентін де салдырғандар үшін бірқатар шектеу алып тасталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, вакцинаның толық курсын алған қазақстандықтар шетелден қайту кезінде елге емін-еркін кіре алады.

"Вакцина салдырғандар қатарының өсуіне байланысты, Қазақстанның Бас санитары шығарған қаулыға сәйкес, вакцинаның екі компонентін де алған азаматтар үшін бірқатар шектеу алынады. Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын алғандарға ПТР тестсіз мыналарға рұқсат беріледі: ҚР азаматтары және Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты барлар әуе қатынасы арқылы Қазақстан аумағына кіре алады, медициналық-әлеуметтік нысандарға бара алады, облыстық командаларды дайындау үшін оқыту-жаттықтыру жұмыстарын жаңғырта алады", - деді Алексей Цой.

Сонымен қатар, вакцинаның екі компонентін де алғандардан біраз жерде ПТР тест талап етілмейді.

"Егер вакцинаның толық курсын алған болса мына азаматтардан ПТР тестілеу талап етілмейді: вахтаға келген қызметкерлерден, медициналық-әлеуметтік мекемеде рәсімдеу және емделуге жатқызу кезінде науқастардан, мерзімді әскери қызметке шақырылғандардан және мерзімді әскери қызметтен кейін демобилизацияланғандардан, ҚАЖ мекемелеріне түскендерден (тергеудегілер, айыпталушылар, сотталғандар), топтасқан ұжымдарға баратын адамдардан, ауруға байланысты жұмыс орнында болмаған немесе демалыс, іссапардан келген медицина қызметкерлерінен, тәжірибе алдында медициналық ЖОО мен медицина колледжі студенттерінен", - деп мәлімдеді министр.

Алексей Цойдың айтуынша, егер вакцина салдырғандар коронавирус жұқтырғандармен байланыста болса және расталса оқшауланбайды, бірақ медициналық бақылауда болады. Сонымен қатар, кеңседе жұмыс істейтіндер қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылмайды.

Айта кетейік, министрдің мәліметтеріне сәйкес, соңғы үш аптада елде коронавирустың таралу қарқыны бірқалыпқа түсті. Өткен аптада ауру жұқтырғандар саны 2 пайызға азайған, ал қайтыс болғандар саны өткен аптадағы көрсеткішті ұстап тұр.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети