РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
11 августа 2021 | 09:26

Цой Қазақстанда қанша төсек-орын бос екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Айнаш Өндіріс Фото Tengrinews.kz/Айнаш Өндіріс

Қазақстанда науқастар инфекциялық төсек-орындардың 54 пайызында емделіп жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда науқастар инфекциялық төсек-орындардың 54 пайызында емделіп жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Цойдың сөзінше, бүгінде елдегі төсек-орындардың 46 пайызы бос. 

"11 тамыздағы жағдай бойынша, 328 медициналық мекемеде 55 658 инфекциялық төсек-орын бар. Оның 54 пайызы бос емес. Инфекциялық стационарларда реанимациялық төсек орын саны - 4 969, оның 45 пайызы бос емес", - деді ведомство басшысы. 

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда резервте 7 419 төсек-орын дайын тұр.

"Инфекциялық төсек-орындарда жатқандар саны Атырау мен Нұр-Сұлтанда көп - 69 пайыз, ал Ақтөбе облысында - 65 пайыз, Алматы мен Жамбыл облысында - 63 пайыздан", - деді Цой. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети