РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
08 апреля 2019 | 18:22

Төтенше жағдайдан зардап шеккендер көмекті кімнен сұрай алады - Нұсқау

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жылдың басы елімізде көптеген апаттармен есте қалды. Бұған дейін өрт, газ жарылыстары жиі болған еді, енді көктемнің келуімен су тасу қаупі төніп тұрған аймақтар аталып жатыр. Осындай апаттан соң үйіңіз бүлініп, шығын көп болса, қайтпек керек? Тengrinews.kz тілшісі осы сұрақтың жауабын іздеп көрді.


Жылдың басы елімізде көптеген апаттармен есте қалды. Бұған дейін өрт, газ жарылыстары жиі болған еді, енді көктемнің келуімен су тасу қаупі төніп тұрған аймақтар аталып жатыр. Осындай апаттан соң үйіңіз бүлініп, шығын көп болса, қайтпек керек? Тengrinews.kz тілшісі осы сұрақтың жауабын іздеп көрді.

Кез келген апат салдарынан соң материалдық шығынды алудың екі жолы бар: мемлекеттік және қайырымдылық.

Мемлекет қалай көмектеседі?

Егер осындай мәселеге тап болсаңыз, ең алдымен, өзіңіз тұратын қаланың әкімдігіне барыңыз. Елімізде су тасқыны немесе газ жарылысы секілді апаттан соң әкімдік пен оның атқарушы органы жауап береді.

Мемлекеттен материалдық көмек алғыңыз келсе, өзіңізбен бірге бес құжатты тапсырасыз:

1. Жеке куәлік;
2. Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
3. Отбасы құрамы туралы анықтама;
4. Табыс туралы анықтама (отбасы мүшелерінің);
5. Қиын жағдайдың болғанын растайтын акт немесе құжат.

Бұл құжаттар су астында қалса не апат салдарынан жоғалса тиісті органдар әлеуметтік көмекке қажетті құжаттарды ведомстволардан өздері алады. Кейін комиссия құрылып, шығын есептеледі.

Егер комиссия өрт не газ жарылысына қандай да бір тұлғаның не компанияның кінәсін анықтаса, оны сотқа беруіңізге болады. Мұндай жағдайда сізге келген шығынның бәрін кінәлі тарап толық өтеп беруге тиіс. 


Ақтөбедегі су тасқыны. © Ақтөбе облысы ІІМ баспасөз қызметі

Ал егер сізге шығын табиғи апаттан келсе, әкімдік көмексіз қалдырмайды. 2017 жылы Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекеттен бір миллион теңгеден берілген болатын. Сондай-ақ, үйлері тұруға жарамсыз болғандар мемлекеттен жер телімдерін алды.

Бірақ кей кезде әлеуметтік көмек аламын деп, айыппұл арқалап кетуіңіз де мүмкін. Себебі кейде табиғи апаттан соң үйсіз қалғандарына тұрғындардың өздері кінәлі болып шығады. Мысалы, былтыр Алматы облысында болған су тасқынына билік өкілдері тұрғындарды кінәлаған болатын.  


Көкпекті ауылындағы 2014 дылғы су тасқыны © Tengrinews.kz

"Су өтетін арықтардың бәрін тұрғындар қоқысқа толтырған. Олар жазда өздері қоқыс лақтырып, кейін көктемде кім кінәлі деп жүреді. Ондай адамдарға әкімшілік шара қолдану керек", - деген еді сол кезде Қазақстан парламенті төменгі палатасының вице-спикері болған Владимир Божко.

Өтемақы алу үшін не істеу керек?

Заңгерлердің айтуынша, төтенше жағдайдан соң мемлекеттен сақтандырылған мүлікке ғана өтемақы алуға болады. Әр аймақта арнайы комиссия құрылып, шығынды бағалау жұмыстары басталады. Мысалы, 2017 жылы Қостанай облысында болған су тасқынынан келген шығынды комиссия 200 миллион теңгеге бағалаған. Сол кезде жарамсыз үйлердің орнына жаңасын салып, табиғи апаттан өлген әр мал, әр үй құсы саналған болатын.


Тараздағы жарылыс болған үй. © Tengrinews

Биыл ақпанда Тараздағы көпқабатты үйдің жарылысынан соң кеткен шығынның орнын толтыру үшін облыстық қордан 200 миллион теңге бөлінген, ал қаза болғандардың отбасына 1 миллион теңгеден берілген.

Заңгерлердің кеңесі бойынша, комиссия тіркеген шығынды бірден құжат жүзінде жасату керек. Құжатта нақты қай мүліктің шығыны үшін өтемақы берілетіні, қайсына берілмейтіні көрсетілуі қажет.

"Әйтпесе, биліктің құр "көмектесеміз" деген сөзінен соң органдар ақша бере салмайды", - дейді заңгерлер.

Қайырымдылық қорынан көмек

Төтенше жағдайдан соң мемлекетке ғана емес, қайырымдылық ұйымдарына да жүгінуге болады. Мұндай ұйымдар арнайы есепшот ашып, бүкіл ел бойынша қаражат жинайды. Көбіне қайырымдылық ұйымдарының араласуы қоғам арасында осы мәселенің кең таралып, қаржының көп жиналуына себепкер.

Мысалы, Ақтөбедегі әлгі су апатынан соң "Қолғанат" қоры зардап шеккендер үшін 100 миллион теңге жинаған болатын. Ал 2017 жылы қаңтарда Қарағанды облысы Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің құлауына байланысты жиналған ақша 40 миллион теңгеден асқан еді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети