ПОДЕЛИТЬСЯ
20 марта 2020 | 17:55
Төтенше жағдай кезінде әкімдер тағайындала ма? Министрдің жауабы
Әділет министрі Марат Бекетаев елімізде төтенше жағдайға қарамастан лауазымды қызметке басшылар бұрынғыдай тағайындала беретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әділет министрі Марат Бекетаев елімізде төтенше жағдайға қарамастан лауазымды қызметке басшылар бұрынғыдай тағайындала беретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист министрге "Төтенше жағдай кезінде әкімдерді, министрлерді және полиция басшыларын тағайындауға бола ма? Әлде оған заңда шектеу бар ма?" деп салауын жолдады.
Марат Бекетаев бұл мәселе бойынша заңда шектеу жоқ екенін атап өтті.
"Төтенше жағдай немесе карантин кезінде кадрлық шешімдерге қатысты ешқандай шектеу жоқ. Барлық кадрлық шешім бекітілген ереже бойынша жүргізіледі. Бұл мәселеге қатысты шектеу жоқ. Сондай-ақ, қажет болса, бұл шешімдер қысқа уақытта қаралатын шығар", - деді ол.
Осыған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың алдын алу мақсатында елімізде қандай шектеулер енгізілгенін, маска тапшылығы қашан жойылатынын, мемлекет қанша кәсіпкерге қолдау көрсететінін айтқан.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус жұқтырған 7 науқастың 30 адаммен байланыста болғанын анықтаған.
Бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті: Нұр-Сұлтанда – 25, Алматыда – 22, Қарағандыда – 2.
Сондай-ақ, кеше Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.
Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды.
Показать комментарии
Читайте также