2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің тапсырмамның аясында тұрғындар зейнетақы жинақтарының бөлігін пайдалану мәселесі қарастырылды. Бұл - қазір өте өзекті. 2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы өз жинағының бөлігін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады. Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе жыл соңына дейін тиісті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды және дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын. Бұл реформа... тұрғындарға зейнетақы жинағына ақша салуға стимул болады. Тұрғын үй мәселелерін өздігінен шешуге табысы жетпейтін азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі", - деді Президент жолдауында.
Тоқаев мораторий күшін жойса да жер шетелдіктерге сатылмайтынын айтты
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерді қысқартуды тапсырды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!