Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шығынға батқан ұлттық компаниялар мәселесін көтерді. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шығынға батқан ұлттық компаниялар мәселесін көтерді. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Неге кей ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар шығынға батады, ал олардың басшылары неге жауап бермейді? Үкімет осы мәселені шешуі керек", - деді Тоқаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елде инфляция өсіп жатқанын айтты.
"Ұлттық банк, үкімет әлемдік үрдісті айтып, оның алдында қауқарсыз болып қалды. Мұндай сылтаулар ұлттық экономиканың осал екенін көрсетеді", - деді Президент.
Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасап, елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтатыны хабарланған болатын.