Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сайлау бюллетендеріне "бәріне қарсымын" деген жазу енгізген жөн екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сайлау бюллетендеріне "бәріне қарсымын" деген жазу енгізген жөн екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біздің басты мақсатымыздың бірі - адам құқықтарын толық қорғау. Бұл ретте, азаматтардың таңдау еркіндігін барынша қамтамасыз ету өте маңызды. Әлемдік тәжірибеде адамның қандай да бір сайлауға келіспейтінін немесе үміткерлердің бәріне қарсы екенін заңды түрде білдіру құқығы кеңінен қалыптасқан. Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан, барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне "бәріне қарсымын" деген жазу енгізген жөн. Бұл бастама азаматтардың сайлау құқығын қорғауға жағдай жасайды. Таңдауы жоқтығын ресми көрсетудің өзі таңдау емес пе?!", – деп Қазақстан Президенті VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде атап өтті.
Мұның алдында Тоқаевтың Қазақстан үкіметі туралы жарлыққа қол қойғаны хабарланған болатын.
Еске салайық, 10 қаңтарда Қазақстанда Қазақстанда 2021 жылдың 10 қаңтарында парламент пен жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша, бес партияның үшеуі 7 пайыз кедергіні еңсеріп, Мәжіліске өтті.
Парламент сайлауының қорытындысы:
Nur Otan партиясы - 71,09 пайыз;
"Ақ жол" партиясы - 10,95 пайыз;
Қазақстан Халық партиясы - 9,10 пайыз;
"Ауыл" партиясы - 5,29 пайыз;
ADAL партиясы - 3,57 пайыз.
Қазақстанда Парламент сайлауы қалай өтті?
Мәжілісте Nur Otan, "Ақ жол" және ҚХП қанша орын алды?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!