РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
31 марта 2020 | 22:41

Тоқаев нықтап айтқан маңызды тапсырмалар

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесінде Үкімет пен банк өкілдеріне тапсырма берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдемесінде Үкімет пен банк өкілдеріне тапсырма берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент нықтап айтқан маңызды тапсырмалар:

  • Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді.
  • Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексацияланады.
  • 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейеді. Бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Жалпы, 3 миллионға жуық азамат алады.
  • МӘМС жүйесінде сақтандыру жасамағандарға 1 шілдеге дейін медициналық қызмет тегін көрсетіледі.
  • Тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейеді.
  • Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі. Бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінеді.
  • Көктемгі егіс науқаны үшін "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлінеді. Шаруалар үшін жанармайдың нарықтық бағасын он бес пайызға арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендейді.
  • Жұмыссыз қалған қазақстандықтарды жұмыспен қамту керек.
  • "Жұмыстың жол картасы" аясында жұмысқа шығуға дайын азаматтарға бір рет үстемақы беріледі.
  • Банктер жауапкершілік танытып, тұрғындар мен бизнеске көмектесуі керек.
  • Шағын және орта кәсіпкерлер 6 ай бойы еңбекақы қорына төлем мен салық төлеуден босатылады.
  • Ұлттық қордың қаржысын дұрыс жұмсау керек. Есеп комитеті оның ашықтығын қадағалауы керек.

Айта кетейік, мемлекет басшысы 16 наурызда халыққа үндеу айтып, коронавирустың жаппай таралуының алдын алу мақсатында елде төтенше жағдай режимін енгізген болатын.

Соңғы мәлімет бойынша, елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 340-қа жетті. 24 науқас аурудан жазылды, 2 адам қайтыс болды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети