РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
01 сентября 2021 | 12:12

Тоқаев "мемлекеттен ала берсем" дейтін адамдар туралы пікір білдірді

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында қоғамда патерналистік көңіл-күй мен әлеуметтік масылдық үрдісі белең алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында қоғамда патерналистік көңіл-күй мен әлеуметтік масылдық үрдісі белең алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан - әлеуметтік мемлекет. Сондықтан қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету - басты міндеттердің бірі. Алайда қоғамда патерналистік көңіл-күй және әлеуметтік масылдық үрдісі белең алды. Ел ішінде әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүддесіне пайдаланатын азаматтар аз емес. Мұндай адамдар кез келген өркениетті елдегі сияқты заң мен қоғамның алдында жауап беруі керек. Осындай жағдайлар мемлекеттен ала берсем деген көзқарас қалыптастырды. Ал көмекке шынымен мұқтаж жандар, өкінішке қарай, әлеуметтік қолдау шараларынан тыс қалып жатыр", - дейді Мемлекет басшысы. 

Тоқаевтың сөзінше, біздің мемлекеттің мүмкіндіктері зор, алайда оның да шегі бар.

"Ең бастысы әлеуметтік жеңілдікке ие болсам деген орынсыз пиғыл адамды өз еңбегімен табыс табу қабілетінен айырады. Мұндай жағымсыз өмір салты ұрпақ тәрбиесіне қазірдің өзінде кері әсер ете бастады. Сондықтан бізге түбегейлі өзгеріс керек. Заң да, қоғам да, адамдардың сана сезімі де өзгеруі тиіс. Дайындалып жатқан әлеуметтік кодексте осындай мәселелерге барынша назар аудару керек", - деді Президент. 

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасап, елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтатыны хабарланған болатын. 

Тоқаев былтыр, 2020 жылы 1 қыркүйекте де Жолдау жасаған болатын. Ол кезде коронавируспен күрес, мемлекеттік басқару тәсілдерін өзгерту, мемлекеттік аппаратты қысқарту, квазимемлекеттік секторды реформалау, жолдарды жасау, жауапсыз несие беру мәселелерін қозғады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы педофилдер үшін жазаны қатаңдату, қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын пайдалануға мүмкіндік беруді тапсырылды.

Ал 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауын 2 қыркүйекте жариялады. Бұл оның алғашқы үндеуі еді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети