РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
20 июля 2021 | 11:59

Тоқаев Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев. © akorda.kz Қасым-Жомарт Тоқаев. © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды. 

"Еліміздің мұсылмандары биыл да пандемия жағдайына байланысты құрбандықтарын ҚМДБ ұйымдастырған qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалдыруда. Сүйіспеншілік пен ізгіліктің, мейірбандық пен қайырымдылықтың мейрамы тағы да құтты болсын!", - деп құттықтады Берік Уәли қазақстандықтарды.

Айта кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбандық шалуға тапсырыс беру мен мұқтаж жандардан өтініш алу онлайн режимде жүзеге асырылады.

Мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтаған еді. "Құрбан айттың ұлағаты мен өнегесі біздің рухани құндылықтарымызбен үндеседі. Бүгінгі мерекенің мән-маңызы осында деп білемін. Шалған құрбандықтарыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!" - деген еді Президент.

Онлайн және офлайн құрбан шалу деген не? Құрбан айттағы тыйымдар

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети