РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
21 января 2022 | 17:32

Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде не деді? Маңызды мәлімдемелер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда отандық бизнес өкілдерімен кездесті. Tengrinews.kz тілшісі кездесу барысында Президент көтерген маңызды мәлімдемелерге шолу жасады. 


Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда отандық бизнес өкілдерімен кездесті. Tengrinews.kz тілшісі кездесу барысында Президент көтерген маңызды мәлімдемелерге шолу жасады. 

"162 адам байлықтың жартысын иеленген"

Тоқаев халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайтынын, жағдайды шұғыл өзгерту керек екенін айтты. Президенттің сөзінше, ұлттық табыс бойынша 2020 жылы бизнес ең жоғары үлеске ие. Ол 61,5 пайыз болады. Салықтың үлесі - 7,3 пайыз, қазақстандықтардың жалақысы үштен бір бөлігіне де жетпейді.

"Бұл өте аз. Мысалы, Ресейде осындай экономика болғанына қарамастан, жалақы 46,7 пайыз болады, яғни бізден 1,5 есе көп. Ұлттық табысты бөлудің айқын теңгерімсіздігі байқалады әрі әділдік жағынан мәселе бар.

Халықаралық сарапшылар, соның ішінде KPMG 162 адамға байлықтың тең жартысы тиесілі екенін растайды. Ал халықтың жартысында табыс 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жылына 1300 доллардан сәл асады", - деді Президент бизнес өкілдерімен кездесуде.

Тоқаев мұндай табысқа өмір сүру мүмкін емес екенін, сондықтан жағдайды шұғыл түрде өзгерту керегін айтты.

Сонымен қатар, Кездесу барысында Президент шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шектеулерін қайта қарауды тапсырды. 

"Мұндай жағдайда шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шараларын, әсіресе қызмет көрсету саласында, шектеу қаншалықты ұтымды, олар қаншалықты нәтижелі? Үкіметке айтарым, бұны қайта қарау керек. Бұл жағдайда ШОБ-ты тұншықтырып, экономикада теңсіздік жасау не керек?", - деді Мемлекет басшысы.

"Жұрт неге барлық бизнес біреулерге ғана бұйыра беретінін түсінбей дал"

Тоқаевтың айтуынша, бизнестің бір қолға шоғырлануы - мемлекет үшін қауіпті үрдіс. Тоқаев реформалар жөніндегі жоғары экономикалық кеңес отырыстарының бірінде Қазақстанда олигополия барын айтқанын еске салды.

Президент бизнесті монополиялау дұрыс емес екенін айтты.

"Жұрт бизнестің барлық түрі неге бір адамдар қолында деп ойлайды. "Біздің қай жеріміз кем?" деген сұрақ қояды. Гегельді Бабельмен шатастыратын, арнайы білімі жоқ адамдар бар, бірақ олардың қолында үлкен бизнес бар. Сонымен қатар, арнайы курстарды бітірген білімді адамдар бизнес көздеріне, несие ресурстарына және т.б. қол жеткізе алмайды. Бизнес дами береді, бұл депрессияны, қоғамға сенбеуді, осыдан туындайтын барлық әлеуметтік-экономикалық салдармен әділдікке сенбеуді тудырады", - деп қосты Мемлекет басшысы.

"Маған мемлекет мүддесі біреумен жақсы қарым-қатынастан жоғары"

Президент сатып алу саласындағы мәселелерді шешуге бір ай уақыт берді. Егер шешім болмаса қатаң шешімдер қабылданатынын ескертті.

"Болашақ" бағдарламасының бағыты өзгереді

Мемлекет басшысы елімізде білім беру жүйесін қайта қарастыру қажет екенін айтты. Тоқаев техникалық мамандықтар бойынша әлемнің жетекші университеттерінің филиалдарын ашу туралы мәселе қойғанын еске салды. Президенттің сөзінше, елдегі оң өзгерістер көбіне бизнеске байланысты.

"Қазақстан халқына" қорына бір күндік жалақыны аудару мүлде қажетсіз бастама"

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған "Қазақстан халқына" қорына түрлі әкімдіктер мен шенеуніктер бір күндік жалақысын аудара бастаған болатын. Бірақ Президент бүгін бұл мүлде қажетсіз бастама екенін айтты. 

"Үндеуімді қолдап, "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударып жатқандарға алғыс білдіремін. Бұл игі және дер кезінде жасалған әрекеттер ең жоғары бағаға лайық. Бірақ бұл жерде формализм мүлдем болмауы керек. Мемлекеттік қызметшілерден, бюджеттік қызметкерлерден бір күндік жалақы жинала бастады. Бұл мүлде қажетсіз бастама", - деді Президент.

Мемлекет басшысы қор бюджеттік қор емес екенін атап өтті.

Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық туралы

Мемлекет басшысының айтуынша, қаңтардағы оқиғалар жылдар бойы жинақталған проблемаларды ашты.

"Жарияланған әлеуметтік-экономикалық күн тәртібі мен нақты жағдай арасындағы келіспеушілік сыни массаға ие болды", - деді Президент.

Алматы қасіретінен алынған сабақ

Елімізде білім беру саласында реформалар қажет. Бұл Президент бүгінгі кездесу көтерген мәселенің бірі. Одан бөлек, мемлекет стандартты білім беру мен бағыттарын қайта өзгерту проблемасы айтылды.

"Осыдан кейін ұлт пен өскелең ұрпақтың менталитетін қайта өзгерту керек. Бұл - біз бастан өткерген қасіреттен алынған сабақтардың бірі", - деді Тоқаев.

"Рулық және достық қатынаста жасалатын келісімдерді тоқтату керек"

Бұл мемлекеттік сатып алу саласындағы туыстық және достық байланыстарға байланысты айтылған сөз. Қасым-Жомарт Тоқаев заңбұзушыларды қатаң жазалауға уәде берді. Мемлекет басшысы заманауи мемлекетте заң бірінші орында тұратынын айтты. Президент бірінші кезекте осы салада тәртіп орнату мемлекеттің міндеті екенін нақтылады. Бірақ бұған кәсіпкерлердің көмегіне үміттенетінін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қалай өзгереді?

Ол үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия жобасын дайындаған.

"Құжатты кәсіпкерлік қауымдастықпен жан-жақты талқылаған жөн. Корпоративтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше назар аудару керек", - деді Президент.

Жоғарғы сотқа тапсырма

Мемлекет басшысы соттарға келіп түскен шағымдардың саны артып бара жатқанын, олардың саны 14 мыңнан асатынын айтты.

"Үкіметке Жоғарғы сотпен және ҰКП-мен бірге мемлекеттік органдар қызметінің теріс тәжірибесіне талдау жасауды және оның алдын алу мен жою бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын. Егер сот мемлекеттік органның сол қателерін түзетсе, онда мұндай басшы болмайтыны анық. Жоғарғы соттан алаңдатарлық сандарға назар аударуды сұраймын", - деп тапсырды Тоқаев.

Кәсіпкерлерге ескерту 

Қазақстанда тапқан ақша елде жұмсалуы тиіс. Бұл туралы Президент кездесу барысында айтты. Президенттің сөзінше, бұл ретте жұмыс екі бағыт бойынша жүргізіледі: капиталды елге қайтару немесе капиталды елге қайтаруға ынталандыру, сондай-ақ оффшорға қаржы кетуіне тосқауыл қою.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети