РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
10 июля 2020 | 13:55

Тоқаев білім беру жүйесін сынға алды

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:  ©Тұрар Қазанғапов Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясы кезіндегі қашықтан білім беру жүйесін сынға алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясы кезіндегі қашықтан білім беру жүйесін сынға алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алдымен Президент отандық білім беру саласында өзекті мәселе барын ашық айтты.

Сондай-ақ, ол коронавирус пандемиясы кезінде бұл салада өзекті мәселелер байқалғанын атап өтті.

Қазақстан президенті үкіметке жыл соңына дейін елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуді тапсырды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп жатыр. 

Отырыста үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп беріп жатыр.

Сондай-ақ, коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жұмыспен қамту бағдарламасын сынап, бірқатар басшыны қызметінен босатуды тапсырғанын, жер шетелдіктірге сатылмайтынын, тиімсіз шығындарды қысқарту керегін айтқан еді

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети