РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
31 марта 2020 | 21:19

Тоқаев 42 500 теңге көлеміндегі көмекті тағы кімдер алуы керегін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 42 500 көлеміндегі осы көмектің алатындардың санатын кеңейтуді тапсырып, бұл жәрдемақыны тағы кімдер алуы керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарна эфирінде жасаған мәлімдемесінде айтты. 


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 42 500 көлеміндегі осы көмектің алатындардың санатын кеңейтуді тапсырып, бұл жәрдемақыны тағы кімдер алуы керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарна эфирінде жасаған мәлімдемесінде айтты. 

"Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар олардың өз табысынан айырылмауы да маңызды. Мен бұған дейін дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым. Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде мынадай қосымша шешім қабылдадым: инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және АӘК 10 пайызға индексациялауды тапсырдым. Осыған орай аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінеді. Енді 42 500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді, тапсырамын. Соған орай бұл қолдауға өзін өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, тұрмысқа қажет заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматардың қатары көбейеді. Атап айтқанда, мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да иеленеді", - деді Тоқаев. 

Сонымен қатар, тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейеді. Атап айтқанда, мұндай көмекті мүгедектер, жұмыссыз тіркелген азаматтар да иеленеді. Тегін азық-түлік 800 мыңнан астам адамға беріледі.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 340 адамға жетті.

Елімізде коронавирустан 2 адам қайтыс болды. Алғашқы науқас, 64 жастағы әйелдің көз жұмғаны туралы хабар 26 наурызда белгілі болды. Кейінірек әйелдің Алматыға құдалыққа барғаны анықталды.

Бүгін тағы бір науқас коронавирустан қайтыс болды. 50 жастағы науқас 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жатқызылған. Бір ай бойы ауырып, медициналық көмекке жүгінбеген. Жұмысы жиі іссапарға шығумен байланысты болған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети