Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов әлеуметтік желілерде ауруханаларда дәрі-дәрмек, медицина жабдықтары жетпей жатыр деп шағымданған дәрігерлерге жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов әлеуметтік желілерде ауруханаларда дәрі-дәрмек, медицина жабдықтары жетпей жатыр деп шағымданған дәрігерлерге жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Азаматтарға айтқым келеді, әлеуметтік желілерде неше түрлі емдеу жолдарын көріп, соған байланысты дәрі-дәрмек сұрап жатқан азаматтар аз емес. Бірақ та емделудің нақты белгіленгеннен кейін, ауру анықталғаннан кейін емдеу жолын тек дәрігерлер анықтай алады. Алексей Цой өзінің сөзінде бүгінде 59-ға жуық дәрі-дәрмекпен қазақстандықтар қамтамасыз етіліп отыр. Бұл емдеу мекемелерінде айтылып жүрген мәселе", - деді Тоғжанов ОКҚ-қа өткен брифингте.
Сонымен қатар, Ералы Тоғжанов дәріханаларға халық іздеп жүрген кей дәрі-дәрмек жеткізілгенін мәлімдеді.
"Ал енді дәріханаларда сатылатын дәрі-дәрмектер басқа көлемде көрсетіліп отыр. Бұл - бір. Екіншіден, негізгі дәрі-дәрмектер ішінде лопинавир, ритонавир сияқты препараттар бүгінде 620 мыңға дейін қамтамасыз етіліп отыр. Оның ішінде гидроксид хлорохинге байланысты сұрақтар да бүгінде жоқ емес. Бұл мәселені азаматтардың да көтергені белгілі. Бұл дәрілер 220 мыңға дейін қамтамасыз етіліп отыр. Нақты ауырған адамдарға байланысты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге үкімет мүмкіндігі бар", - деді премьер-министр орынбасары.
Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кеше Нұр-Сұлтанда дәріханаларға 70 мың қаптама парацетамол жеткізілгенін, тұрғындар дәрінің бәрін жарты сағаттың ішінде түгел сатып алғанын айтқан еді. Сонымен қатар, министр парацетамол орнына 33 түрлі дәрі ішуге болатынын мәлімдеген.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!