ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров Рамазан айында ораза ұстамауға рұқсат етілген мамандықтарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров Рамазан айында ораза ұстамауға рұқсат етілген мамандықтарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біреудің өміріне жауапты әрі зәру қызмет иелері, ұшқыш және дәрігер тағы басқа ауыр жұмыс иелері, кенші, металлург, қауіпті объектіде істейтін құрылысшы тағы басқалар құрылыс ораза ұстауға шамасы жетпесе, оны кейінге қалдыра алады. Сонымен қатар, елдің қарулы күштері бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшірілген кезде ораза тұту әскердің қырағылығы мен жауынгерлік даярлығын әлсіретуге алып барса, оразаны тоқтатуға рұқсат етіледі. Оның орнына басқа күндері ораза ұстайды", - деді Ершат Оңғаров ОКҚ онлайн-брифингінде.
Еске салайық, бұған дейін бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы коронавирустан қорғану үшін антисептик пен спирт қолдану оразаны бұзбайтынын айтқан болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!