Алмас Нарбутин ішімдікті тастап, дұрыс жолға түсу үшін дінге келген. Интернетте идеологтардың видеосын көріп бастаған оны сол қызығушылығы Сирияға дейін алып барғанын айтады. Бұл туралы ол Adil ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында әңгімеледі. Тengrinews.kz тілшісі Алмастың Сириядағы өмірі жайлы баяндаған сұхбатын ұсынады.
Алмас Нарбутин ішімдікті тастап, дұрыс жолға түсу үшін дінге келген. Интернетте идеологтардың видеосын көріп бастаған оны сол қызығушылығы Сирияға дейін алып барғанын айтады. Бұл туралы ол Adil ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында әңгімеледі. Тengrinews.kz тілшісі Алмастың Сириядағы өмірі жайлы баяндаған сұхбатын ұсынады.
Алмас - Павлодар облысының тумасы. Орта мектептің 5 сыныбын ғана тәмамдаған. Толыққанды емес отбасыда өскен. Көп жағдайда ақша жетіспеген. Жасөспірім кезінен алкаголь ішіп бастаған оның тұрақты жұмысы болмаған.
Кейін интернетте уақыт өткізе бастаған. Сөйтіп, экстремистік сайттарға тап болып, қызығушылығы оянған. Салдарынан идеологтардың видеосы оны Сирияға алып барған.
"Ішімдікті көп ішкенім әсер етті. Бұған дейін дұрыс өмір сүрмегенмін. Ал дінде жылы қарым-қатынас, бауырластық бар. Сол жүрегіме еніп кетті де, менің де сол жолға түскім келді. Интернетте Сирия туралы видео көп болды. Онда мұсылмандарды қорғау керек деп айтылады", - дейді ол.
Видео кадрынан
Алмас соғысуға ешкімнің мәжбүрлемегенін, өз еркімен кеткенін айтады.
"Басында өзім барамын деп жоспарладым. Бір досым сақалымды алып тастап, дайындалып жүргенімді көрді де, екеуіміз барамыз деп келістік. Ол өзінің тағы бір бауырын шақырды. Сөйтіп, үшеуіміз кетіп қалдық", - дейді Алмас.
Сирияда Нарбутин ұрыстардың бірінде жарақаттанған.
"Соғысқа бір апта қалғанда автомат берді. Мен шабуылдаушы болдым. Ұрыс алыс қашықтықта өтті. Олар танкпен атып, жарылғыш біз жаққа түскен - мен жарақат алдым. Кейін жарақат алғандарға қарап, оларды ауруханаға апарып тастаумен айналыстын. Одан бөлек, байланыс бойынша көмектестім, рацияларды жөндедім", - дейді ол.
2018 жылы тұтқынға түсіп, "Жусан" арнайы операциясы аясында елге оралған. Бірақ басында Қазақстанға оралғысы келмегенін айтады.
"Бізге мұнда 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырады деп айтты. Түрмеде отырғым келмеді. Басқа жаққа кетіп, жаңа өмір бастау керек деп ойладым. Бірақ кейін Қазақстанға алып кетулеріне қарсы болмадым, себебі туыстарыммен сөйлескенмін. Сол жақта саясат көп екенін түсіндім. Менің істегенім, сол жаққа кеткенім - қылмыс. Оны мойындаймын және өкінемін", - деп қорытындылады Алмас Нарбутин.
Оқи отырыңыз:
"Бомба түсіп, қазақтардың қаза тапқанын көрдім". Сириядан оралған жігіттің жантүршігерлік оқиғасы
"Қанша адам өлтіргенімді білмеймін". Қазақстандық содыр Сириядағы өмір жайлы баяндады
"Қазақстаннан кешірім сұраймын". Террор ұйымында соғысқан қазақ жігіті басты өкінішін айтты
Алты баланың әкесі отбасын Сирияға алып кеткен