РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 февраля 2021 | 11:32

"Тәртіптік жазаға тарту керек". Депутат ДСМ мен Қаржы нарығын реттеу агенттігі жұмысын сынады

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинағының бөлігін емделуге және қаржы ұйымдарының басқаруына беру тетіктері дайын болмай жатқаны үшін денсаулық сақтау министрі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасына сауал жолдап, жауапты мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік тергеу жүргізу және тәртіптік жазаға тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинағының бөлігін емделуге және қаржы ұйымдарының басқаруына беру тетіктері дайын болмай жатқаны үшін денсаулық сақтау министрі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасына сауал жолдап, жауапты мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік тергеу жүргізу және тәртіптік жазаға тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президенттің тапсырмасы және заң нормалары тек жартылай орындалды. Денсаулық сақтау министрлігі әлі күнге дейін зейнетақы қорындағы ақшасының бөлігін емделуге беру ережелері әзірленбеді. Қазір бұл бұйрықты Әділет министрлігі қарап жатқанын білемін. Барлық процедура орындалған жағдайда бұл ережелер наурызда күшіне енеді. Бұл министрліктің қанша рет берген уәдесінен кейін болады? Негізі шенеуніктердің уәдесін орындамауы оңай болып кеткенін байқап жүрмін. Азаматтар зейнетақы жинағындағы ақшасы қауіпті ауруларды емдеу, жасанды ұрықтандыру, стоматологиялық қызметтер секілді жағдайларға пайдаланады деп жоспарланған еді ғой. Министрлік мұның азаматтар үшін маңызды мәселе екенін түсінбей ме? Я болмаса министрлік заң жобасын әзірлеу үшін Парламенттен ескертіп отыру керек пе?" - деді депутат Мәжіліс отырысында.

Аманжан Жамалов азаматтар ақшасын сенімді басқаруға беретін заң нормасы, оның орындалу механизмі әлі дайын емес екенін атап өтті.

"Зейнетақы жинағын қаржы компанияларының сенімді басқарылуына да беруге болатын еді. Жеке басқару компанияларының тізілімін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеу керек. Бұл тізілім қайда, оны қалай іздеу керек - мұны тек агенттіктің қызметкерлері білетін шығар. (...) Денсаулық сақтау министрі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заң нормаларын іске асыру бойынша барлық актіні шұғыл әзірлеуді сұраймын. Осы әзірлемеге жауапты, келіскен мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік тергеу жүргізіп, тиісті орындамағандары үшін тәртіптік жаза тағайындау керек. Болашақта заң нормаларының әзірленуіне межелі уақыт қоюды ұсынамын", - деді депутат.

Айта кетейік, елімізде азаматтардың зейнетақы жинағының бөлігін үй алуға, емделуге, қаржы ұйымдарының сенімді басқаруына беруге рұқсат ететін заң қабылданды. Қазір азаматтар зейнетақы жинағынан ақша алып, баспана жағдайын жақсартып жатыр. Алайда қалған екі норма әлі толық әзірленген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети