Таразда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 4 миллиард теңгеге тұрғызылады деген таунхаустар жобасы аяқсыз қалды. Ал жартылай соғылған коттедждер тоналып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпарат қызметіне сілтеме жасап.
Таразда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 4 миллиард теңгеге тұрғызылады деген таунхаустар жобасы аяқсыз қалды. Ал жартылай соғылған коттедждер тоналып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпарат қызметіне сілтеме жасап.
Тілшілердің мәліметінше, Тараздағы Сүлейменов көшесіндегі біркелкі коттеджер салынып жатқанына екі жыл болған. Жоба бойынша 22 гектарда 255 таунхаус тұрғызылуы тиіс болатын. Алайда коттедж қалашығы толық аяқталмай тұр. Тұрғындардың сөзінше, әкімдік бюджет ақшасын желге шашқан.
"Мемлекеттің бәленбай миллиард ақшасы осы жердегі инфраструктураға кетеді де, бұлар әшейін тұрып қалады. Газдың құбырлары құлап жатыр, суды алатын құдықтардың барлығы түсіп жатыр", - дейді Тараз тұрғыны Исламбек Дастан.
Қала тұрғыны Жасұлан Лесбекұлының айтуынша, қалашық азып, тозып жатқанына үш жыл болған.
"Ел пәтер таппай жүр, анау пәтеріңіз анау жерде жатыр. Тоналып жатыр, обал", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Журналистердің мәліметінше, кәріз құдықтарының қақпақтары ұрланып, жарық-су жабдықтары бүлінген. Ұрылар жуырда есікті бұзып кіріп, жылу мен газ қондырғыларын кесіп әскетіпті. Әкімдік мердігер шаршы метр құнын келісілген 120 мың теңгеден көтереміз деп уәде бергеннен кейін құрылысты тоқтатыпты.
"Материал қымбаттығын айтып, бағаны көтеріп беру туралы бізге ұсыныс жасаған. Бұл бойынша біз былтыр құрылыс жұмыстары комитетіне хат жазғанбыз. "Осындай-осындай, мына бізге 160 мыңнан қылып бекітіп беріңіздер. Сол жағдайда мердігерлер салатын болады" деп. Бүгінгі таңға бұл мәселе шешілген жоқ", - дейді қала әкімінің орынбасары Асхат Есеналиев.
Бүгінде жоспарланған 255 үйдің тек 20-сында адам тұрып жатыр. Шенеуніктердің сөзінше, тағы 26 үйге 600 миллион теңге бөліп, сонымен құрылыс толықтайды. Бос қалған жер телімдерін кезекте тұрғын азаматтарға таратып бермек.