РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
27 августа 2021 | 00:09

Тараз маңындағы алапат жарылыс: қазірге дейін не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде алапат жарылыс болды. Зардап шеккендер саны артып жатыр. Желіде жарылыстың видеосы тарады. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Tengrinews.kz тілшісі Тараз маңындағы жарылыс туралы қазіргі дейін шыққан ақпараттарды жинады. 


Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде алапат жарылыс болды. Зардап шеккендер саны артып жатыр. Желіде жарылыстың видеосы тарады. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Tengrinews.kz тілшісі Тараз маңындағы жарылыс туралы қазіргі дейін шыққан ақпараттарды жинады. 

Таразда әскери қойма өртенді

Бүгін кешке қарай Желіде Тараз маңында қойма өртеніп жатқаны хабарланып, видеосы тарай бастады. Тұрғындар Тараз маңында әскери қойма өртенгенін айтып жатты. "Таразға барар жолда әскери қойма өртеніп жатыр. Көлікте соққы толқыны сезілді", - деді куәгер.

Кейін Қорғаныс министрлігі өкілдері оқиғаны растап, өрт сөндіріліп жатқанын мәлімдеді.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгіленбеген заттар жарылды. Өртті сөндіруге бөлімнің өрт сөндіру командалары, шынжыр табанды өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысы бойынша ТЖД өрт сөндірушілері көмек көрсетіп жатыр", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Өрт ошағын жою жалғасып, өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

"Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтің басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді", - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Кейін Желіде жарылыстың видеосы жарияланды

Тұрғындар эвакуацияланды

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жарылыс қаупіне байланысты жақын маңдағы үй тұрғындары эвакуацияланды. 

Оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары бастаған комиссия аттанды. Олар ТЖ салдарын жоюмен айналысатыны айтылады.

"Бұл нысанның маңында Байзақ ауданындағы Үшбұлақ (120 тұрғын), Жібек жолы (500 тұрғын), Қайнар (85) елді мекендері орналасқан, олардың тұрғындары эвакуацияланды", - деді Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 


ТЖ кадры

Сонымен қатар, әкімдік Тараз тұрғындарынан үйден шықпауды және терезеге жақындамауды сұрады. Ал эвакуацияланған елді мекендерді полиция күзетіп, қарақшылыққа жол бермеудің амалын жасап жатыр.

Жарылыс болған қоймаларда не сақталған?

Қорғаныс министрлігі Байзақ ауданындағы жарылыс болған әскери қоймалдарда не сақталғанын мәлім етті. 

"Өрт шыққан орынды оқшаулау жұмыстары жалғасып жатыр. Өрт себебі анықталып жатыр. Қоймаларда инженерлік қару-жарақ сақталған. Олар алысқа ұшпайтын заттар", - делінген хабарламада.

Тоқаев қандай мәлімдеме жасады?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді.

"Жамбыл облысына Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері мен Ішкі істер министрінің орынбасары барды. Жарылысқа жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарын көшіру туралы шешім қабылданды. Облыстық ТЖ департаменті мен әскерилерден 30 шақты қызметкер жарақат алған", - деп жазды Президент Twitter желісінде.


Видео кадрлары 

Оның айтуынша, өрт салдарын жою бойынша жедел штаб жұмыс істейді. Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ, ТЖМ бөлімшелері жұмылдырылды. Сондай-ақ, теміржол қатынасы уақытша тоқтатылған. 

Кейін ол тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды. 

"Өрт салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар, әскери қызметшілер, дәрігерлер және барлық тартылғандар белсенді жұмыс істеп жатыр. Өкінішке қарай, зардап шеккендер саны артып барады. Бірақ жағдай жалпы бақылауда. Тараз бен ауыл тұрғындарынан сабыр сақтауды және сақ болуды сұраймыз", - деп жазды ол Twitter-де. 

Зардап шеккендер саны артып жатыр

Басында Қорғаныс мининстрлігі жарылыс салдарынан 32 адам зардап шегіп, Тараз қалалық №1 ауруханасына түрлі жарақатымен жеткізілгенін хабарлаған. Тоқаев та 30-ға жуық қызметкер жарақат алғанын жазған еді. 

Кейін облыс әкімдігі зардап шеккендер саны ұлғайғанын мәлімдеді. Зардап шеккендер саны 60-қа жетті, олардың ішінде 11 әскери қызметші бары хабарланды.

"Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына түрлі жарақаттармен 60 адам түсті, оның ішінде 11 әскери адам (сауалнама мәліметтері нақтыланып жатыр)", - делінген әкімдік хабарында.

Ал сағат 23:30-дағы жағдай бойынша, зардап шеккендер саны 66-ға жеткен. 

Зардап шеккендердің жағдайы қалай?

Жамбыл облысы әкімдінің хабарына қарағанда, жарылыстан зардап шеккендердің басым бөлігі жеңіл жарақаттар алған. 

"23:30-дағы жағдай бойынша Тараз қалалық №1 ауруханасына 51 адам, Байзақ аудандық орталық ауруханасына 10 адам жеткізілді. Көбі жеңіл жарақаттар алған, екеуінің жарақаты ауыр.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қазіргі уақытта 32 дәрігер мен 56 медицина қызметкері жұмылды", - деді әкімдіктегілер. 

Пойыз бен көліктер тоқтатылды

"Қазақстан темір жолы" компаниясы Жамбыл облысында жолаушылар мен жүк пойыздары тоқтатылғанын хабарлады. 

"Жамбыл жүк бөлімінің Тараз-Луговое учаскесінің жұп және тақ жолдары теміржол желісінен 250-300 метр қашықта орналасқан әскери бөлімнің аумағында жарылыс болуына байланысты барлық пойыз қозғалысы үшін жабық.

Өрт шыққан жерден 8-10 шақырым жерде орналасқан Үшбұлақ станциясына Тараздан өрт сөндіру пойызы келді. Сондай-ақ, Шу станциясынан өрт сөндіру пойызы жіберілді.

Жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Қазіргі уақытта Петропавл-Қызылорда және №78 Мағыстау-Алматы-2 бағытындағы №75 жолаушылар пойызы, сондай-ақ 14 жүк пойызы тоқтатылды", - делінген компания хабарламасында.


ТЖ кадры 

Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жарылыстарға байланысты жолдарға шектеу қойылғанын мәлім етті. 

"Байзақ ауданы Жаңатұрмыс кентіндегі Қорғаныс министрлігі 28349 әскери бөліміндегі жарылыстаға байланысты республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент-Термез тасжолының 476-шы шақырымында жол қозғалысы шектелді.

Қазіргі уақытта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс Тараз жағынан 505-ші шақырым және Ақшолақ кенті тарапынан 474-ші шақырым (Жібек жолы бұрылысы) жабылды, қозғалыс жергілікті маңызы бар Тараз-Сарыкемер автожолында ашық", - деді министрліктегілер.

Кейін тағы екі жарылыс болды

AIBAT жаңалықтар қызметі кейін Байзақ ауданындағы әскери қоймада тағы екі жарылыс болғаны түсірілген кадрлар жариялады. Куәгерлер қараңғы батқанда тағы екі жарылыс болғанын видеоға түсіріп алған. Жарылыс кадрларын видеоның 6.18 және 10.07 минутынан көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aibat__kz

Instagram-да куәгерлер оқиға орнынан түсірілген түрлі видеолар жариялап жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от В Таразе всегда солнечно (@vtvs_taraz)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Taraz city (@resmi_taraz)

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети