ПОДЕЛИТЬСЯ
05 ноября 2019 | 13:19
"Таныстарым минадан жарылып кетті". ДАИШ құрамында снайпер болған жігіттің оқиғасы
Бақтияр Ибраев Ауғанстанда бірнеше жыл соғысып, кейін Сирияда снайпер болған. Террористік ұйымның қатарында болған ол елге оралған соң кешірім сұрады. Бұл туралы ол Adil ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. Тengrinews.kz тілшісі Бақтиярдың Сириядағы өмірі жайлы айтқан сұхбатын ұсынады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бақтияр Ибраев Ауғанстанда бірнеше жыл соғысып, кейін Сирияда снайпер болған. Террористік ұйымның қатарында болған ол елге оралған соң кешірім сұрады. Бұл туралы ол Adil ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. Тengrinews.kz тілшісі Бақтиярдың Сириядағы өмірі жайлы айтқан сұхбатын ұсынады.
Ибраев - бес баланың әкесі. Нұр-Сұлтанда туып-өскен. Жоғары білімі бар. Мектептен кейін дінге бетбұрып, мешітке бара бастаған.
"Басында намаз оқымадым, тек сабаққа барып, хадис тыңдап жүрдім. Мешітте жүргенде байқағаным - жастардың көбі намазды сәл басқаша оқиды. "Уахабшылар" дейді ғой, солар болып шықты. Намаз оқу керек, әйелдер жабылып жүруі керек деген негіз болды, өзіме сондай жер іздедім", - дейді ол.
Бақтиярдың айтуынша, ол пәтерлерде өтетін түрлі жиналыстарға қатысып жүрген. Онда жиналғандар мемлекет билігіне қарсы шыққан. Олар халифатты мемлекеттіктің жалғыз формасы, шариғатты жалғыз заң нормасы ретінде қарастырған.
Осылайша, Ибраев шетелдік әмірлердің ықпалымен 2011 жылы Ауғанстанға көшкен, кейін Вазиристанда "Ислам жиһадының одағы" қозғалысына қосылған. Ауған моджахедтерінің қатарында 4 жыл бойы соғысқан.
Видео кадрынан
Айтуынша, сол уақытта оның жары хаджаб киген, бірақ балалары медресеге бармаған. Себебі Ибраевтің сөзінше, медреседе педофилдер көп болған.
ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) "Ислам мемлекетін" құратынын хабарлаған кезде ол отбасымен бірге Сирияға көшкен. Ракка қаласында 8 ай тұрған.
"Адамдар ақырындап Сирияға кете бастады. Кім өлеміз деді, "Жұмаққа барамын, жиһад" боламын деді, солар іздегенін тапты", - дейді ол.
Ибраев соғыста жүріп түрлі қару ұстағанын айтады. ДАИШ құрамына ол снайпер ретінде қосылған.
"Калашников автоматы болды басында. Кейін М16 қаруын ұстадым. Көздеуіші болатын, жылукөру, түнгі көру құрылғыларын қосуға болады", - дейді.
2017 жылы АҚШ пен оның одақтастары содырларға шабуылдай бастаған, сол кезде Ибраевтың ұлы жарықшақтан жарақат алған. Ал Бақтиярдың өзі күрдтердің қолына тұтқынға түскен.
"Таныс отбасылар болды, минадан жарылып кетті. Бүкіл ауданға бомбалар түсе бастады. Соның ар жағында Иран әскері тұрды. Олар да америкалықтарға жақындатпайтын. Әйелдерді палата қалашығына, бізді түрмеге алып кетті", - дейді Ибраев.
Ол "Жусан" арнайы операциясы кезінде Сириядан қайтарылды. Оған "террористік топтың әрекетіне қатысу" және "террористік әрекет ұйымдастыру мақсатында адам жинау" бойынша айып тағылған.
"Әке-шешемнен ғана емес, үкіметтен де кешірім сұрағым келеді. Өйткені Қазақстан азаматымын. Ойнайбай, қателестік. Бала-шағамның біреуі қаза тапса, өзімді кешіре алмайтын едім", - деп өкінеді Бақтияр Ибраев.
Оқи отырыңыз:
"Ағам мұнда өлу үшін келдім деді". Сирияға 14 жасында кеткен жігіттің оқиғасы
"Балалар аштан өлді". Отбасымен Сирияға кеткен жігіттің оқиғасы
"Маған өлім жазасын берді". Сирияда әкесі мен ағасынан айырылған жігіттің оқиғасы
Показать комментарии
Читайте также