РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
23 октября 2020 | 11:46

Танымал қазақстандықтар мемлекеттік туды қорғауды талап етіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде Аустралияның Бондай Бич жағажайында түсірілген флешмобқа байланысты танымал қазақстандықтар мемлекеттік туды қорғауды талап етіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі отандық шоу-бизнес өкілдерінің пікірін жинап шықты.


Желіде Аустралияның Бондай Бич жағажайында түсірілген флешмобқа байланысты танымал қазақстандықтар мемлекеттік туды қорғауды талап етіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі отандық шоу-бизнес өкілдерінің пікірін жинап шықты.

Айта кетейік, мұның алдында Аустралияның Бондай Бич жағажайында түсірілген флешмобтың видеосы тараған болатын. Бұл ролик қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Видеода Бораттың паригін киген 40 ер адамның Қазақстанның туын іліп қойып билеп жатқаны көрінеді. 

Сондай-ақ, видеодан сол аумақта Бораттың 6 метрлік мүсіні орнатылғаны көрінеді.

Қазақстандық продюсер, актер Нұрлан Қоянбаев мемлекеттік рәміздерді қорғауды талап ете отырып, Сыртқы істер министрлігінің өкілдеріне үндеу жасады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Koyanbayev Nurlan (@koyanbayevnurlan)

"Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі, қайдасыздар?", - деп жазыпты продюсер жазбасының сипаттамасына.

Әнші Сәкен Майғазиев те еліміздің мемлекеттік туының суретін жариялап, Сыртқы істер министрлігінен оны қолдауды талап етіп жатыр.

"Қор болған көк байрағым-ай! Борат деген хайуанға (малға) назар аударғым да келмеген. Ол оған тұрмайды да. (Бірақ ол басқа жолмен мойын бұрғызды.) ҚАЗАҚТЫ танымайтын тексіз, сауатсызбен қалай салғыласасың? Қажетін өтеп болған соң астын жууды білмейтін шошқа кімге күлгендей?!

Өткенде Сырым Тауұлы бауырыммен сұхбаттасқанда: "Қазір оған көңіл бөлмеу керек. Бір жылдан соң "Борат-3" фильмін ҚАЗАҚСТАНға әкеліп түсіріп сасық аузына сөз салып: "Мен бұған дейін надан, білімсіз болған екем, мәдениеттің шыңы да, тарихтың тереңі де, табиғаттың тамашасы да осында екен. Жер бетіндегі ЖӘННӘТ - ҚАЗАҚСТАН", дегізуді діттеген ек. (Балықты өз майына қуыр дегендей). Сырымтай "ЕЛ имеджі үшін, ішкі туризмнің дамуы үшін мен демеушілік етуге де дайынмын", деп еді. Ол актёр сымақ жүрген сайқымазақ қой. Сол сасықтың артында жасырынып тұрған сайтанның әскерінен сақ болу керек. Сол күштің ықпалымен Борат деген маймылдан ҚАЗАҚ халқынан кешірім сұратып, шара қолдануын Сыртқы істер министрлігінен талап етеміз!", - деп жазды Майғазиев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Әнші Айқын болса Қазақстанның сыртқы істер министрлігінен Желіде тараған флешмоб үшін сотқа арыздануды талап етіп жатыр. 

Қазақ эстрадасының белгілі әншісі Бейбіт Қорған да әлеуметтік желідегі парақшасында әріптестерін қолдап, мемлекеттік туды қорғауды талап ететінін жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

??

Публикация от Бейбіт Қорған (@beibitkorgan)

Продюсер Алпамыс Шаримов та қазақстандықтарға үндеу жасады.

"Бұл талап!!! Өтініш емес!!! Бір малғұнның аузын жаба алмасақ - ел болып отырғанымыздан не қайран?!

Бұл талап!!! Өтініш емес!!! БҰҰ-ы бар, біздің елмен тығыз байланыста қаншама дипломаттар бар, соларға үндеу тастаңыздар", - деп жазды продюсер жазбасында Президенттің парақшасын белгілей отырып.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alpamys Sharimov (@asharimov)

Эстрада әншісі, продюсер Ғаділбек Жанай қазақстандықтарды туды қорғауға шақырды.

Белгілі әнші Қыдырәлі Болманов ешкімге намысты таптатпайтынын айтып, мемлекеттік рәміздерді қорғауды талап ететінін жеткізді.

"Қасиетті жұма мүбарак болсын ! Қасиетті жұмадағы тілегіміз,-мейірімді Алла,көк байрақ туымды аспанда желбіретіп,ешкімге қорлатпа ! Өзің пана бол ! Халықсыз Мемлекет болмайды,Мемлекетсіз халық болмайды. Жүрегімізге иман бер ! Ешкімге намысымызды таптатпа,-ерекше мейірімді Алла ! Билік пен Халықты біртұтас қылып,біріктіріп,бүтін дүниеге айналдыратын,-берекелі бірлік бер! Қазақ Елін қорғап,қолдауыңды тілеймін аса қамқор,ерекше мейірімді Алла!", - деп жазыпты Болманов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

Әнші Нұрболат Абдуллин де әріптестеріне қолдау көрсете отырып, еліміздің мемлекеттік туының суретін жариялаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurbolat Abdullin?? (@nurbullin)

Қазақ эстрадасының тағы бір әншісі Бейбіт Күшқалиев мемлекеттік рәміздердің мәртебесін қорғауды талап ететінін айтып, пост жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Beibit Kushkaliyev (@beibit_kushkaliyev)

Желі қолданушылары мұны "Борат-2" фильміне жарнама ретінде түсірілгенін айтса, кей қолданушы мұны мемлекеттік рәміздерді қорлау екенін айтып жатыр.

Осы видеодан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желідегі парақшаларында мемлекеттік туды қорғауды талап етіп, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен прокуратурадағылардан осы флешмоб үшін шара қолданып, қылмыстық іс қозғауды талап етіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети