РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 августа 2019 | 18:15

"Тальгодағы" зорлау ісі. Оқиға қалай өрбіді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

2018 жылы 26 қыркүйекте Ақтөбе облысының тұрғына "Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Ақтөбе" бағыты бойынша келе жатқан "Тальгоның" жолсерігі түн ортасында жолаушы купесіне кіріп, зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Жәбірленуші бұл туралы аноним түрде Facebook желісіндегі "НеМолчи.kz" қорына шағымданған. Бұл оқиға желі қолданушылары арасында кеңінен талқыға түсіп, іс сотқа жеткен. Елді дүрліктірген оқиғаның мән-жайына Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 


2018 жылы 26 қыркүйекте Ақтөбе облысының тұрғына "Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол - Ақтөбе" бағыты бойынша келе жатқан "Тальгоның" жолсерігі түн ортасында жолаушы купесіне кіріп, зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Жәбірленуші бұл туралы аноним түрде Facebook желісіндегі "НеМолчи.kz" қорына шағымданған. Бұл оқиға желі қолданушылары арасында кеңінен талқыға түсіп, іс сотқа жеткен. Елді дүрліктірген оқиғаның мән-жайына Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 

Оқиғаның мән-жайы

2018 жылы 26 қараша күні "НеМолчи.kz" қорына зорлау фактісі бойынша шағым түскен. Бұл туралы қозғалыс жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook желісіндегі парақшасында оқиғаның мән жайын баяндап жазған. 

Динаның сөзінше, жәбірленуші сағат кешкі 22.00 шамасында "Тальго" жүрдек пойызына мініп, үйіне қайтып бара жатқан. Кешкі асын ішіп үлгермеген ол қасындағы жалғыз көршісіне асханаға кетіп бара жатқанын хабарлаған. Қайтып келсе қасындағы көршісі жоқ. Оның орнына сыра ішіп отырған формасыз жолсерік отырған. Көршісінің қайда кеткенін сұраған кезде жолсерік оны басқа купеге ауыстырғанын хабарлаған. Жәбірленуші қызметкерден бірнеше рет купені босатуын сұрағаннан кейін ғана жолсерік шығып кеткен.

"Ол купені ішінен жауып, ұйқыға кеткен. Таңғы төрт шамасында жәбірленуші әлгі жолсеріктің оны зорламақшы болып жатқан кезінде оянып кеткен. Ол қызметтік кілтті пайдаланып, купеге кірген", - деп жазған Дина Таңсәрі. 


© Тұрар Қазанғапов

Оны үрей басқандықтан жәбірленуші қозғала да алмаған, дауыс та шығарып айқайлай алмаған. Жұдырығын ала жүгіреді деп ойлаған қыз екі қолымен бетін жауып қана қорғанумен болған. Жолсерік ойындағын іске асырғаннан кейін есікті жауып, шығып кеткен. 

Болған оқиға салдарынан жәбірленуші есеңгіреп қалған. Психологиялық зақым алған қыздың жағдайын пайдаланып екінші жолсерік кірген. Ауыр күйде жатқан қызға ол да зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап, шығып кеткен.

"Бар күшін жинап, есікті жауып алмақшы болған кезде екінші жолсерік қалып қойған ұялы телефонын алуға қайта кірген. Оқиға қайталанады деп ойлаған жәбірленуші екінші жолсерікке жұдырығын ала жүгірген. Жолсерік қызды соққыға жығып, шығып кеткен", - дейді Дина Таңсәрі.

Жәбірленуші болған оқиғадан кейін киініп, көмек іздеуге дәлізге шыққан. Осы уақытта ол даусы жеткенше "Мені зорлады" деп жанайқайын жеткізген. Ол ауыр психологиялық жарақат алғандықтан ауыр күйзелісті басынан кешкен.

Кешірім сұрап құтылу айласы

Оқиға мұнымен аяқталған жоқ. Жәбірленуші басқа жолсеріктерден көмек сұрап, полиция шақыруын өтінген. Уақытты оздыру үшін жолсеріктердің бірі әдейі басқа станцияны айтқан. Полицияға хабарласа алған жәбірленуші әлгі "көмек көрсеткен" жолсеріктің хабарлаған станциясын айтқан. Ақыры полиция келеді дегенше тағы бір станцияны өтуі керек болған.

"Полицияның жәбірленушіні тергеген бекетінде жолсеріктер нағыз "шоу" ұйымдастырған. Жәбірленуші көпшіліктің назарында болды. Барлығы зорланған қызға саусақ шошайтып, қызу әңгімелеген", - дейді Дина. 

Нәтижесінде істің қорытындысын кешіктіріп, жәбірленушіге екі тараптың татуласуын талап етіп, қысым көрсеткен, дейді жазба авторы. Тергеуші жолсеріктердің берген түсінігіне қарап, мұны топтық зорлау деген қорытынды жасаудан бас тартқан.

Бірінші жолсерік бұл оқиға қыздың келсімімен болған десе, екінші қол жұмсаған қызметкер мүлдем зорлық көрсетпегенін айтқан. Кейіннен екеуі де қыздың анасынан кешірім сұрамақшы болған. Алайда жәбірленушінің анасының денсаулығы нашар болғандықтан, бұл жағдайдан хабардар қылмауды өтінген. 

Іске қатысты жаңа ақпараттар пайда болды

Айыпталушылардың бірі бұрындары да зорлау фактісі бойынша көзге түскен. Себебі тағы бір жәбірленуші оны суреттен таныған. 

"2018 жылдың тамыз айында мен Шымкенке "Тальгомен" бара жатқанмын. Менен бөлек екі бала және әйел адам болды. Сосын мен ұйықтап қалдым. Түнде оянсам ешкім жоқ. Маған қарама-қарсы жоғарғы төсекте шолақ шалбар мен көйлек киген жолсерік жатты. Ішімдіктің иісі шығып тұрды. Бұл мен суреттен таныған жолсерік", - деп куәлік берген жәбірленуші. 

Абырой болғанда, бұл жәбірленуші зорлықшыдан қашып құтылған. Сондықтан полицияға шағымданбаған. 

Айыпталушылардың туыстары оқиғаға сенбейді

Айыпталушылардың бірі 23-те, үйленбеген. Теміржолдағы еңбек жолын төрт жыл бұрын бастаған. Екіншісінің жасы 30-да, үйленген. Бұл оқиғадан кейін екеуі де жұмыстан босатылған. Алайда барлық айғақ-дәлелдерге қарамастан, айыпталушылардың туыстары тағылып отырған айыпқа сенбеген.


Сотталушылар. © Сергей Миронов / kstnews.kz

"Ол ақымақ емес қой. Алғаш рет жұмысқа шығып отырған жоқ қой. Бұл оның тауып отырған наны. Ол купеге қызметтік кілттің көмегімен кіріп, зорлық жасайтын ақымақ емес қой", - дейді айыпталушылардың бірінің туысы Әділжан Көпжанов. 

Сондай-ақ айыпталушылардың бірінің әкесі ұлын кінәлі деп санамайды екен. Оның ойынша, жәбірленуші барлығын алдын ала жоспарлап қойған. Тіпті 2 миллионнан 4 миллионға дейін қаражат сұрапты-мыс.

Сот нәтижесі

26 шілдеде Қостанай қаласында айыпталушыларға қатысты үкім шықты. Жолсерік Жетес Үмбеталиев пен Колқанат Құрманиязов қылмыстық кодексінің 120-бабы, 1-бөлігі "Зорлау" бойынша кінәлі деп танылып, екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Үкімді сот Оразбай Сатыбалды шығарды. Алайда желі қолданушылары бұл үкімге келіспей, жазаның тым жеңіл екенін жазған. 


Судья Оразбай Сатыбалды үкімді оқып тұрған сәт. © Tengrinews.kz

Сот төрешісі осы іске байланысты жеңіл жазаның себебін түсіндірген. 

"Алдын ала келісімсіз жасалған зорлық - екі не одан да көп адамның алдын ала келісімсіз жасалған қылмысы болып табылады. Мысалы екі адам жасаған зорлықта біреуі жәбірленушінің аузын жауып тұрса, екіншісі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасайды. Ал бұл оқиғада ондай дерек тіркелмеген", - дейді судья.

Жәбірленуші не моральдық, не материалдық шығын талап етпеген. Ал жеңіл жаза айыпталушылардың бұрын сотталмағаны және Үмбеталиевтің екі жасөспірім баласының бар. Судья бұл жағдайда жазаны ауырлататын фактілер болмағанын атап өткен. 

"Судья бұл қылмысты топтық зорлық деуден бас тартты. Себебі айыпталушылар жәбірленушіні кезек-кезек зорлаған. Міне, істі тергеу жұмысы осындай. Бұл Қазақстанда зорлау орташа ауыр қылмысқа жатады деген күннің өзінде. Халықаралық стандарт бойынша зорлау үшін түрмеге қамайды. Бұған қарағанда мал ұрлығы - ауыр қылмыс болып саналады. Егер сіз біреудің сиырын ұрласаңыз, оған зорлауға қарағанда үш есе көп жаза тағайындайды", - дейді блогер Александр Цой.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети