11 января 2022 | 12:32

Тағайындау, жалақы және халық жағдайын жақсарту. Тоқаев Мәжілісте не айтты?

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүгін Мәжіліс отырысы онлайн өтті. Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Tengrinews.kz тілшісі Президенттің отырыс барысында маңызды мәлімдемелерін жинады.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Мәжіліс отырысы онлайн өтті. Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Tengrinews.kz тілшісі Президенттің отырыс барысында маңызды мәлімдемелерін жинады.  

Ең алдымен Тоқаев Әлихан Смайыловты премьер-министр қызметіне ұсынды. Депутаттар Әлихан Смайыловтың кандидатурасын талқылап, бір ауыздан қолдады. Осылайша Қазақстанның премьер-министрі болып Әлихан Смайылов тағайындалды.

Айта кетейік, 5 қаңтарда Асқар Мамин бастаған Үкімет отставкаға кеткен болатын. Мұндай шешім елде болып жатқан наразылық шараларына байланысты қабылданды.

Реклама
Реклама

ҰҚШҰ бітімгерлері екі күннен кейін елдеріне қайта бастайды

Президент елде жағдай тұрақталғанын, осыған байланысты Қазақстанға келген ҰҚШҰ бітімгерлері екі күннен кейін елдеріне қайта бастайтынын айтты. 

"Тұтастай алғанда, жіті фаза контртеррористік операция өткізілді. Барлық өңірдегі жағдай тұрақты. Осыған байланысты ҰҚШҰ-ның негізгі миссиясы сәтті аяқталды деп мәлімдеймін. Екі күннен кейін ҰҚШҰ сарбаздары елдеріне қайтарылады. Контингентті шығару процесі он күннен аспайды", - деді Президент. 

Президент ҰҚК-ны сынап тастады

Мәжіліс барысында Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін сынға алды. 

"Жыл басынан бері болған барлық жағдай бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар. Ашығын айтсақ, бұл бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені - өздерінің қатыгез пиғылдарын іске асыру болғаны айдан анық. (...) Ұлттық қауіпсіздік кеңесі уәкілетті орган ретінде бұл іріткіге нақты баға бере алмады және бергісі де келмеді. Ұлттық қауіпсіздікке төнген маңызды қауіпті байқамады", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында. 

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ұсталған болатын. ҰҚК мемлекетке сатқындық жасау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастаған.

"Мемлекетімізден айырылып қалуымыз мүмкін еді"

Президент содырлар Алматыдан кейін елді басып алуы мүмкін болғаны атап өтті. 

"Елімізге қарсы лаңкестік соғыс басталды. Жау тым қатыгездік болды және кез келген қадамға баруға дайын екенін көрсетті. Қарсылық туралы ойды басу үшін халық арасында қорқыныш тудырды. Жоспар бірқатар бағытты қамтыды: әскери, саяси, идеологиялық, жалған ақпарат және т.б. Кәсіби мамандар жұмыс істеді (...). Алматыны бақылауды толығымен жоғалтып, Алматыны жоғалтқасын астананы, содан кейін бүкіл мемлекетімізден айрылып қалуымыз мүмкін еді. Бұл - қайғылы оқиғалардың мәні (...) ",- деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Барлық құқық қорғау қызметкерінің жалақысы көтеріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында азаматтарды, конституциялық құрылымды кез келген қауіптен қорғау үшін ұлттық қауіпсіздік жүйесін толық өзгерту керек екенін айтты. 

Мемлекет басшысы Қарулы күштер, құқық қорғау органдары, Ұлттық қаупсіздіқ қызметі, Сыртқы барлау қызметі жұмысын жүйелеп, оларға жағай жасау үшін жалақсын арттыруды тапсырды. 

"Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның арнайы жасақтарының санын көбейту, жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, қажетті арнайы көліктермен жабдықтау, барлық құқық қорғау органдарының арнайы жасақтары қызметкерлерінің жалақысын көтеру керек", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында. 

Билік өкілдерінің жалақысын өсіруге 5 жылдық мораторий енгізілмек

Тоқаев Мәжіліс отырысында билік өкілдерінің жалақысын өсіруге 5 жылдық мораторий енгізуді ұсынды. 

"Үкімет пен депутаттар мен әкімдердің еңбекақыларының шығыс баптары, өткен жылдың соңында бұл мәселе белсенді талқыланды. Менің ойымша, олардың жалақысы жеткілікті. Сондықтан олардың жалақысын көтеруге 5 жыл мораторий жариялауға болады деп санаймын. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттегілер жалақыны мүмкіндігінше көтеруді жалғастырамыз", - деді Президент.

Кәдеге жарату төлемін жою 

Үкіметке кәдеге жарату төлемін алып тастау бойынша тапсырма берілді.

"Кәсіпкерлердің "ӨКМ Операторы" дейтін компанияның қызметіне қатысты сұрағы көп. Бұл жеке компанияға қарсы белгілі бір қоғамдық қозғалыс ұйымдастырылуына дейін жетті. Үкіметке кәдеге жарату алымын тоқтатуды және оны "ӨКМ Операторы" жүзеге асыруын тоқтату бойынша шаралар қабылдауды тапсырамын. Мұны мемлекеттік ұйым жасауы керек", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Алымдардың өзіне келер болсақ, Президент олардың мөлшерлемелерін қайта қарау керегін айтты. 

"ЛРТ проблемаға айналды, қате жоба болды"

Тоқаев Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысын тағы да сынға алды. 

"LRT құрылысы инфрақұрылымдық жобадан елдің беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. (...) Бұл алғашынан қате жоба. Оңтайлы шешім қабылдау керек, бұза салу ақша мен уақыттың жоғалғанын білдіреді", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Президент әрі қарай құрылыс жүргізу үшін отандық сәулетшілер мен урбанистерді шақыруды тапсырды.

Инфляция мен теңге бағамы бойынша тапсырмалар берілді

Валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етпейінше тұрақты экономикалық нарық болуы мүмкін емес. Бұл туралы Президент бүгінгі Мәжіліс отырысында айтты. 

"Тәртіпсіздіктер мен төтенше жағдай аясында ұлттық валютаға алыпсатарлық қысымның елеулі нарықтары пайда болды. Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне ішкі және сыртқы нарық қатысушылары тарапынан теңгеге деген сенім толық қалпына келгенге дейін валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Тоқаев.

Президент ұзақ жылдар бойы жоғары инфляция экономикамыздағы негізгі проблема болып қалып отырғанын атап өтті.

"Бұл экономикалық және әлеуметтік саясаттың тиімділігін төмендетеді. Бұл мәселеге нүкте қоятын, баға мен инфляция мәселесін тұрақтандыру уақыты келді. Инфляцияны төмендету бойынша жүйелі жұмыс қажет. 2025 жылға қарай шекті дәліз - 3-4 пайыз. Үкімет, ҰБ және ҰКП инфляцияны бақылау бойынша шаралар кешенін әзірлеуі керек", - деп қосты Тоқаев.

Шетелге ақша әкетіп жатқандарды тексеру
 
Тоқаев капиталды шетелге шығару қаупі жоғары екенін мәлімдеді.

"Төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты жекелеген қаржы-өнеркәсіп топтарының капиталын шетелге шығару қаупі жоғары. Оның ішінде жалған келісімшарт жасасу арқылы. Жеке тұлғалардың шоттарында қозғалыстар барын тіркедік. Сондықтан Ұлттық банкке ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, барлық транзакция мен елден негізсіз қаражат шығаратын тұлғаларды нақты бақылауды және тексеруді қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Президент байлар туралы: Халыққа тұрақты түрде көмектесетін кез келді

Мемлекет басшысы "Қазақстан халқына" қоғамдық-әлеуметтік қорын құруды тапсырды. Ол денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты мәселелерді шешумен айналысады.

"Бұл қорға лотерея қызметі операторының, бәс тігу орталығының және басқа да монополистердің міндетті аударымдары жіберіледі. Әрине, айтарлықтай тұрақты аударымдар, ірі бизнес тарапынан қорға тұрақты аударымдар күтеміз.

Тұңғыш Президент - Елбасының арқасында елімізде өте табысты компаниялар тобы және халықаралық стандарттар бойынша да бай адамдар пайда болды. Енді Қазақстан халқына құрмет көрсетіп, оларға жүйелі әрі тұрақты түрде көмек көрсететін кез келді деп есептеймін. Сондықтан, үкімет компания тобын жасап, олармен қорға төлейтін жыл сайынғы жарна көлемін келісуі керек болады", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Елде беделді шетел университеттерінің 5 филиалын ашуды тапсырылды

Мәжіліс отырысында Тоқаев Қазақстанда жоғары білімге қолжетімділік мәселесі өзекті болып қала беретінін айтты.

"Халық тығыз орналасқан өңірлердің жастарына мақсатты гранттар бөлуге ерекше назар аудару керек. Жаңа экономиканы құру үшін жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілетін арттыру маңызды. Соңғы уақытта елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашыла бастады. Жақын арада Ресейде жетекші техникалық университеттер филиалын ашу жоспарланған. 2025 жылға дейін елімізде беделді шетел университеттерінің кем дегенде 5 филиалын ашу қажет деп санаймын. Бұл ретте еліміздің батысында техникалық университеттердің екі филиалы ашылуы тиіс", - деді Тоқаев.

"Техникалық мамандықтарға басымдық беру керек"

"Бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға құмарлықтың заманы өтті. Техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Өнеркәсіптік инженерлердің жаңа буынын өсіру қажет", - деді Президент мәжіліс отырысында.

Президент мұғалімдерге арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды

"Сөзсіз басымдық - сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл бүкіл қоғам дамуының ең маңызды факторы. Мектептерді материалдық ресурстармен қалай қамтамасыз етсек те, жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын арттыру мүмкін емес. Ахмет Байтұрсынов айтқандай: "Мұғалім – мектептің жүрегі". Сондықтан мұғалімдер жетіспейтін өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешені мен үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырамын", - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Сондай-ақ, Президент жоғары білімнің қолжетімділігі мен университеттердің бәсекеге қабілеттілігі мәселесін шешуді тапсырды.

Еске салайық, бүгінгі Мәжіліс отырысы видеобайланыс арқылы өтті. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram