Қазақстанның барлық облысында коронавирус жұқтырғандар саны артты. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның барлық облысында коронавирус жұқтырғандар саны артты. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Соңғы екі аптада еліміздің өңірлерінде ковидпен сырқаттанудың өсуі байқалады. Сырқаттанудың өсуі барлық өңірде байқалып отыр. Өткен аптамен салыстырғанда ауру 2,6 есеге өсті. Бүгінде 14 өңірдің: СҚО, БҚО, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Атырау, Павлодар, Қостанай, ШҚО, Қарағанды облысының әкімдері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласының әкімдері шараларды күшейтуге шешім қабылдады", - деді Ажар Ғинаят ОКҚ онлайн-брифингте.
Еске салайық, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 113 741-ге жетті. 106 893 адам жазылды, 1 857 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!