Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясы бойынша әлемдегі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясы бойынша әлемдегі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық жағдайы бүкіл әлемде қолайсыз болып отыр.
"Әлемнің 220 елінде КВИ-дің 84 миллион жағдайы тіркелді. Оның ішінде 1 миллион 840 мың адам қайтыс болды. Бұл 2,2 пайыз. Біздің елімізде бүгінде Covid-19 жұқтырған 156 мың 943 науқас тіркелді. Бүгінде сауыққан адамдардың пайызы 87-ге дейін өсті. Ал маусым-шілде айларында бұл көрсеткіш 60 пайыздан асқан жоқ. Республика тәуекелі төмен аймағында, "жасыл" аймақта тұр. Тәуекелі жоғары аймақта немесе "қызыл" аймақта Атырау облысы қалды. "Сары" аймақта немесе тәуекелі орташа аймақта 6 өңір: СҚО, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары", - деді Цой ОКҚ брифингінде.
Айта кетейік, кейінгі тәулікте Қазақстанда 714 адамнан коронавирус анықталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!