ПОДЕЛИТЬСЯ
10 декабря 2019 | 09:00
Студенттер жатақханасы: төлемақы құны қанша?
Мемлекеттік жастар саясатының жүйелі жүргізілуі келешек кепілі саналатын жас буын өкілдерінің жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі екендігі белгілі. Осы ретте студент жастар қауымының назардан тыс қалмауы, әсіресе, олардың тұрмыстық жағдайына жете көңіл бөлініп отырғаны мемлекет тарапынан атқарылып отырған істердің әлеуетін айғақтайды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекеттік жастар саясатының жүйелі жүргізілуі келешек кепілі саналатын жас буын өкілдерінің жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі екендігі белгілі. Осы ретте студент жастар қауымының назардан тыс қалмауы, әсіресе, олардың тұрмыстық жағдайына жете көңіл бөлініп отырғаны мемлекет тарапынан атқарылып отырған істердің әлеуетін айғақтайды.
Бүгінгі таңда ҚР БҒМ студенттердің баспанамен қамтылып, алаңсыз білім алу мәселесін оңтайландыру мақсатында біршама жүйелі жұмыстарды жүзеге асыру үстінде. Осынау орай, "Қаржы орталығы" АҚ мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидасын дайындаған болатын.
Бұрын, студенттердің жатақханада тұруының шектеулі төлемақысы олардың шәкіртақысының 15 пайызынан аспайтын мөлшерде белгіленген еді. Алайда, құрылыс компанияларының өкілдері шыққан шығынның орынын толдыруды көздейтін бұл көрсеткіші бизнеске де, ЖОО-на да меншік иесі ретінде жатақхананы тиімді басқару мүмкіндігін бермейді деп есептейді. Сол себепті, жатақхана ғимараттарында кәсіпкерлік бағытындағы шарттылықтарды қоса пайдалану жолдары да қарастырыла бастады.
ҚазИТУ жатақханасы, Алматы қаласы
Үшінші бастама жүзеге асырыла бастағаннан бері 5404 орынға 22 нысан іске қосылды. Жаңадан іске қосылған жатақханаларда бір ай тұру құны орташа 8,5 мың теңгені құрайды. Бұл ірі қалаларда білім нәрімен сусындап, студенттік шақтарын өткізіп, пәтер жалдап жүрген жастар үшін қол жетімді сомма. Мәселен, жаңадан іске қосылған ҚазИТУ жатақханасында - 15000, "ДиЛМАШ" ЖСШ - 4000, "RnR Group" ЖШС жатақханасында - 10000 теңге. Жатақханалар тұрмысқа қолайлы, жылы, жарық, тегін Wi-Fi, кітапханалар мен коворкинг орталықтармен жабдықталған, көпшілігінің санитарлық тораптары бұрынғыдай баршаға ортақ емес, бөлме ішінде орналасқан.
Айта кетер жайт, орындар көбіне орналасу құқы алғашқы кезекте мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқуға түскен студенттерге, оның ішінде: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, толық емес отбасылары мен көпбалалы аналардың балалары, зейнет жасындағы көпбалалы отбасылардың балаларына жететін. Алға қойылған меже 2022 жылға дейін кемінде жатақханаларда 75 мың жаңа орынды енгізу, түйіткілді мәселенің шешімін тарқатып, заманауи жатақханада тұруға ниет танытқан барлық санаттағы студент жастардың тұрғын жайын шешеді деген сенім мол.
Рекламный материал
Показать комментарии
Читайте также