09 апреля 2020 | 20:10

Студенттер 42 500 теңге жәрдемақы ала ма? Вице-министр жауабы

Рахила Тлеуова Корреспондент

Жұмыс істеген студент 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш бере алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұмыс істеген студент 42 500 теңге жәрдемақы алуға өтініш бере алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Tengrinews.kz тілшісіне Instagram желісінде берген онлайн сұхбатында айтты.

Реклама
Реклама

"Егер студент жұмыс істеп, ресми түрде зейнетақы төлемін жүргізген болса, жәрдемақы алуға мүмкіндігі бар. Студент азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істеген болса да, алады. Егер студент ресми түрде жұмыс істемесе, ешқандай төлемақы жүргізбеген болса, онда бірыңғай жиынтық төлем (ЕСП - авт.) форматы арқылы да осы жәрдемақыға үміткер бола алады", - деп түсіндірді вице-министр.

Бұған дейін вице-министр ТЖ кезінде тағайындалған 42 500 теңге жәрдемақыны алуға өтініш беретін 3 жолды айтқан болатын.

Айта кетейік, елімізде коронавирустың жаппай таралмауы үшін 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды. Сондай-ақ бірнеше өңір карантинге жабылды.

Осыған байланысты жұмыссыз қалған азаматтар, декретте отырғанына 1 жылдан асқан аналар әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы ала бастады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram