РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
04 мая 2021 | 13:06

"Спутник V" вакцинасының екінші компонентін салдыру уақыты өзгерді

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Енді "Спутник V" вакцинасының екінші компоненті тек 45-інші күні салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.


Енді "Спутник V" вакцинасының екінші компоненті тек 45-інші күні салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Қалықованың айтуынша, бірінші және екінші компонент арасындағы уақытты ұзарту иммундық жүйеге кері әсер етпейді.

"30 сәуірде еліміздің бас санитария дәрігерінің қаулысымен "Спутник V" вакциналау кестесіне өзгеріс енгізілді. Ол өзгеріске сәйкес, "Спутник V" вакцинасының бірінші және екінші компонентін салдыру арасындағы ұзақтық 45 күн болуы керек. Егер азаматтар белгілі бір себептермен екінші компонентті 45-інші күні салдыра алмаса, 90 күн ішінде салдыра алады", - деді ол.

Қалықованың айтуынша, бұл өзгеріс вакцинаны шығарғандардың ресми мәлімдемелеріне сүйенген.

"Вакцинаны шығарғандардың мәлімдемесі бойынша, "Спутник V" вакцинасының бірінші және екінші компонентін салдыру арасындағы уақытты 21 күннен 90 күнге дейін ұзарту иммундық жүйенің жауап қайтару күшіне кері әсерін тигізбейді. Керісінше, вакцинаның бірінші компонентін салу арқылы халықты иммундауды жылдамдатады. Эпидемиологиялық жағдайды ескеретін болсақ, бірінші компонентпен жаппай вакциналауды жылдамдату керегі анық байқалады. Жаңа мутацияларға жол бермеу үшін дерттің таралу деңгейін төмендету үшін және вакцинаны шығарушылардың тұжырымдарына сүйене отырып Денсаулық сақтау министрлігі бірінші және екінші компонент аралығындағы интервалды ұзартты", - деді Әсел Қалықова.

Қалықованың айтуынша, "Спутник V" вакцинасын салдыруға қатысты өзге шарттар өзгерген жоқ, тек уақыты ұзарып отыр.

Айта кетейік, ресейлік "Спутник V" вакцинасы елімізде биыл ақпаннан салына бастады. 3 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда жалпы саны 1 378 495 адам "Спутник V" және QazVac вакциналарын салдырған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети