Қазақстанда өндірілген "Спутник V"-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне сапары барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда өндірілген "Спутник V"-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне сапары барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Премьер-министр Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында "Спутник V" вакцинасын өндіруді бастап берді.
"Қазақстанда өндірілген "Спутник V"-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады", - деді Мамин.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанда "Спутник V" вакцинасы өндіріле бастағаны хабарланды. Премьер-министрдің айтуынша, 2 миллион доза вакцина өндіріледі.
Еске салайық, мұның алдында премьер-министр Президентке 29 қарашада клиникалық сынақтардың 1 және 2-кезеңдерінің аяқталғаны туралы мәлімдеген болатын. Маминнің айтуынша, вакцинаның кері әсері анықталған жоқ және оның жоғары тиімділігі тіркелді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!