РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 мая 2021 | 12:55

Созылмалы ауруы бар адамдарға да вакцина салуға болады - маман

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Созылмалы ауруы бар адамдарға да вакцина салуға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Лаура Мырзағали онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

Лаура Мырзағалидің айтуынша, вакцина салуға қатысты қарсы көрсетілімдер көп емес.

"Созылмалы ауруы бар адамдар көп, алайда оларға вакцина салуға болмайды деген сөз емес. Егер ауру асқынып тұрмаса вакцина салдыруға болады. Тіпті аутоиммунды аурулармен ауыратындарға да вакцина салуға болады. Тек мұның барлығын дұрыс жеткізіп, дұрыс түсіндіріп, дұрыс ақпарат беру керек", - деді Мырзағали.

Сонымен қатар, Лаура Мырзағали бір рет аллергиялық шок алғандардың өзі де вакцина салдыра алатынын айтты. Тек ондай адамдар емханаларда, бірден медициналық көмек көрсете алатын жерлерде вакцина салдырғаны дұрыс екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда үш вакцина бар: "Спутник V", QazVac және Hayat-Vax. Соңғысы Қазақстанға мамыр айының басында келді. Оны жаппай егу 4 мамырда басталған. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети