РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
29 апреля 2020 | 15:45

Соңғы аптада елімізде COVID-19 жұқтыру жағдайы азайды - бас санитар

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 3 078 адамға жетті. Дегенмен соңғы аптадағы статистика бойынша ауру көрсеткіші төмендеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 3 078 адамға жетті. Дегенмен соңғы аптадағы статистика бойынша ауру көрсеткіші төмендеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың айтуынша, Қазақстанда соңғы аптада COVID-19 жұқтырғандар саны азайған. Алайда, жекелеген аймақтарда көбейіп отыр.

"Соңғы аптада елімізде ауру көрсеткіші 8 пайыздан кешегі күндегі 5,5 пайызға дейін төмендеді. Яғни, бір аптаның ішінде 2,5 пайызға дейін елдегі ауру көрсеткішінің түскенін көріп отырмыз. Бірақ жекелеген аймақтарда тұрғындардың әлі ауырып жатқаны байқалады. Оларда ауру көрсеткішінің өсімі 0-ден 40 пайызға дейін болуы мүмкін. Бұл дегеніңіз ауру көрсеткішінің бір деңгейде тұрмағанын көрсетеді және карантин шараларын әрі қарай жалғастыру керегін білдіреді. Карантин режимі жеңілдегеннің өзінде шараларды орындау керек", - деді Айжан Есмағамбетова ДСМ медиаорталығының онлайн-брифингінде.

Еске салайық, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы дерек 13 наурызда тіркелген. Бүгінде КВИ диагнозы қойылғандар саны 3 мыңнан асты. 774 науқас жазылды, 25 адам қайтыс болды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети