РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
17 февраля 2020 | 09:04

Соғыс ардагері, заңгер, журналист. Сіз кімсіз, Бақытбек Смағұл?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде депутат Бақытбек Смағұлдың әлеуметтік желідегі жазбасы қызу талқыланып жатыр. Ол Қордайдағы қақтығыстың 10 себебін атаған болатын. Tengrinews.kz тілшісі пікірі қоғамдық талқыға түскен Бақытбек Смағұл туралы қызық деректер жинады. 


Желіде депутат Бақытбек Смағұлдың әлеуметтік желідегі жазбасы қызу талқыланып жатыр. Ол Қордайдағы қақтығыстың 10 себебін атаған болатын. Tengrinews.kz тілшісі пікірі қоғамдық талқыға түскен Бақытбек Смағұл туралы қызық деректер жинады. 

Смағұл 1960 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. 6 ақпанда 60 жасқа толған. 

Депутат бүгінге дейін бірнеше оқу орнында оқыған. 18 жасында Қазалы қаласындағы селолық кәсіптік-техникалық училищеде тәлім алған. Алғаш алған мамандығы - ауыл құрылысының шебері. Кейін әскерге шақырылып, екі жыл Ауғанстанда әскери борышын өтеп келген. Бұл 1979 жылы басталып, он жылға созылған Ауған соғысының кезеңі еді. Сондықтан Смағұл ауған соғысына қатысқан, бүгінде - соғыс ардагері. 

Кейін болашақ қоғам қайраткері Алматы құрлыс техникумына "Өнеркәсіптік-азаматтық құрлыс" мамандығы бойынша түскен. Оны бітірген соң "Заңгер" білімін алу үшін Орталық Азия университетінде оқыған. Бұл кезде жасы 44-те болатын. Оқу бітірген жылы бірден әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетіне түсіп, "Журналистика" мамандығы бойынша тәлім алған. 

Бақытбек Смағұл еңбек жолын 25 жасында Алматыдағы Калинин аудандық құрылыс жөндеу басқармасында инженер ретінде бастаған. Кейін кооператив директорының орынбасары болған. Бірнеше жыл түрлі базарда жұмыс істеген. Алматыдағы "Болашақ" базарының директоры болған, Көк базардың бас әкімшісі, "Сәлем" базарының директоры қызметтерін атқарған. 

2005 жылдан кейін "Қазақстан ардагерлері" қауымдастығының төрағасы, таэквон-додан спорт клубының, "Сауап" қоғамдық қорының басшысы болған.

2012 жылы бесінші сайланған Парламенті Мәжілісінің депутаты атанды, 2016 жылы сол депутаттық лауазымына қайта сайланды. 

Мемлекеттік қызметтерден бөлек Бақытбек Смағұл өзін басқа қырларынан да көрсеткен. Мысалы, ол - таэквон-додан 5-дан, қара белбеу иегері.

Одан бөлек Бақытбек Смағұл - ақын, жазушы. Бүгінге дейін бірнеше кітабы жарық көрген. Оның "Ауғанның от жалыны", "Оқ пен Отан" өлеңдер жинағы жарық көрген. Сондай-ақ "Мен көрген соғыс", "Қан кешкен күндер", "Намыстың құлы - Алаштың ұлы", "Қазақтың Қара майоры", "Қаһарман" секілді кітаптардың авторы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанған. 

Сонымен қатар, Бақытбек Смағұл сол кездегі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен "Алғашқы әскери дайындық" пәні бағдарламасының жобасын жасаған. 

Смағұл таяуда Facebook желісінен парақша ашқан. Бүгінде жазылушылар саны - 2403 адам. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети