ПОДЕЛИТЬСЯ
01 апреля 2020 | 11:34
СҚО-да коронавирус жұқтырған науқас 36 адаммен жақын байланыста болған
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус анықталған науқаспен байланыста болған барлық адам үйдегі карантинде жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус анықталған науқаспен байланыста болған барлық адам үйдегі карантинде жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы СҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің Facebook парақшасында тікелей эфирде құзыретті ведомство өкілдері айтты.
"Кеше бір азаматтың ПЦР талдауы расталды. Бірден оның қайда екенін анықталды. Жедел жәрдем жіберілді. Инфекциялық бөлімшеге жатқызылды. Емделіп жатыр. Жағдайы - қанағаттанарлық. Жақын қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, ПЦР талдауына анализдер алынды. Теріс болып шықты", - деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Айманов.
Сонымен қатар, СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің медициналық көмектің сапасы мен тәуекелдерін бағалау бөлімінің басшысы Арман Күшбасов коронавирус анықталған науқас 36 адаммен жақын қарым-қатынаста болғанын атап өтті.
"Жақын қарым-қатынаста 36 адам болған. Олардан үйдегі карантинде болу туралы қолхат алдық. Тұрғын үйдің кіреберісіне тиісті дезинфекция жасалды, - деді Арман Күшбасов.
Айта кетейік, қазіргі уақытта СҚО-да коронавирус індетін жұқтырған 3 адам тіркелген.
Ал бүгіннен бастап Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында қосымша шектеу шаралары күшейді: блок бекеттер қойылды, жаяу және көлікпен жүру шектелді, дезинфекциялау шаралары күшейтілді, кешкі уақыттан кейін азаматтарға үйден шығуға тыйым салынды.
Сонымен қатар, қазір елімізде коронавирус індеті анықталған 363 адам тіркелді. 24 адам емделіп шықты, 3 адам қайтыс болды.
Показать комментарии
Читайте также