21 апреля 2020 | 09:24

Шымкентте төтенше жағдай қызметкерлері коронавирус жұқтырған

Даурен Ерболат Журналист

Шымкент қаласында төтенше жағдай қызметкерлері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласында төтенше жағдай қызметкерлері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде 1852 адам COVID-19 вирусын жұқтырған.

Реклама
Реклама

"Ауруды жұқтырғандардың көбі Алматыда - 606, Нұр-Сұлтанда - 368, Қызылорда облысында - 149", - деді ол үкімет отырысында.

Осы орайда Елжан Біртанов өткен тәулік бойынша 141 жаңа науқас тіркелгенін, өсім деңгейі - 8,2 пайыз болғанын жеткізді.

"Ең көп науқас Алматыда - 82 науқас, Шымкентте - 23 науқас тіркелді. Алматы қаласы бойынша 82 науқастың 78-і жоспарланған скрининг-тесттің негізінде анықталды. Олардың 60-ы қалалық орталық клиникалық аурухананың ішіндегі науқастар және медициналық қызметкерлер. Шымкент қаласы бойынша 23 науқастың 16-сы скрининг бойынша анықталды. Олар - төтенше жағдай қызметінің қызметкерлері. Қалғаны емделіп жатқан науқастар мен карантинде жатқан азаматтар", - деді министр.

Айта кетейік, Қазақстанда 447 науқас коронавирустан жазылды, 19 адам қайтыс болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram