Әлеуметтік желілерде көкпаршылардың жаппай төбелесі түсірілген видео таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде көкпаршылардың жаппай төбелесі түсірілген видео таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таралып жүрген видеода салт атты бірнеше адамның жүк көлігінде отырған адамдарға былапыт сөз айтқанын көруге болады. Кейін жаяулардың бірі ат мінген адамға жұдырық ала жүгіргенін көруге болады. Оны салт аттылар қамшымен сабайды. Тағы бір видеода көкпаршылардың өзара төбелескенін көруге болады.
Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсел Сәденова оқиғаның кеше, 26 ақпанда Шымкент маңындағы Ақтас елді мекенінде болғанын растады.
"Әлеуметтік желілерде Ақтас елді мекенінде өткен "Көкпар" ойыны кезінде қатысушылардың арасында жаппай төбелес болғаны бейнеленген видео таралды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша соталды тергеу басталды", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, төбелеске қатысқандар анықталып, Абай аудандық Полиция басқармасына жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.