Шымкент пен Таразда жүк тасымалдайтын жүргізушілер алыс сапарға шыға алмай отыр. Себебі өңірде дизель отыны жоқ. Енді олар жүгіміз бұзылып кетеді деп алаңдайды. Бұл туралы Instagram-дағы Aibat ақпарат қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоба журналисінің мәліметінше, үш күннен бері Шымкентте жүк көлік жүргізушілері дизель отынын күтіп жүр. Әр жүргізушіге 100 литрден ғана сатылып жатқан жанармайды алу үшін ұзын сонар кезек жиналған. Көлігіміз толып біткенше тауарымыз шіріп кетеді, дейді жүргізушілер.
"Бүгін үшінші күн тұрмыз. Дизель жоқ. Келеді, бір адамға 100 литр дейді. Кезегің келгенде жоқ болады. Барлық бекет дизель бар дейді. Бірақ ешқайсы беріп жатқан жоқ. Бағаны көтеру үшін шығар. Одан басқа ештеңе емес", - дейді жүргізуші Мұрат Назаров.
Жүргізушілердің айтуынша, күніне 100 литрден алса, 1 тоннадан асатын багын толтыру үшін он күндей қажет.
Aibat журналисінің мәліметінше, Тараз да тапшылық бар. Жанармай таппаған транзиттік жүк тасушылар бірнеше күннен бері бір орыннан қозғала алмай тұр.
Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов бұл жағдай алдағы бір-екі күнде шешілетінін айтады.
"Министрлік зауыттан 6 500 тоннасын жөнелтті. Соның ішінде 1200 тоннасы Шымкент мұнай базасына түсті. Әрі қарай автокөліктермен ЖҚБ-ке жөнелтіледі. Қазіргі жағдай 1-2 күнде шешіледі деп отырмыз", - деді Мағауов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram