Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Оян, қазақ" ұран сөзіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Оян, қазақ" ұран сөзіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шаһар әкімі халық үшін ең маңыздысы тәуелсіздік, бейбіт өмір, xалықтың әл-ауқаты екенін айтты.
"Халық көп. Әр адамның өз ойы бар. Миллион адамның миллион ойлары болады. Ал шешім бірғана. Шешім қабылдау, ол шешімді іске асыру өте үлкен жауапкершілік және жұмыс. Ең маңыздысы біз үшін ол тәуелсіздік, бейбіт өмір, xалықтың әлауxаты. Әр бір азамат бірінші өзінен бастау керек. Мен бұл өмірде не істедім? Қандай із қалдырамын? Мен туралы ертен балаларым не айтады деп. Болмайтын әңгіме және өсек айтқаннан түк те шықпайды. Мен "Оян, қазақ" деп жүрген азаматтарға "Ойлан, қазақ!" деп жауап берер едім!", - деп пікір білдірді Әбдірахымов Instagram желісіндегі парақшасында.