РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
27 мая 2021 | 17:12

"Шулатып жіберді". Цой жыныс ауыстыру туралы бұйрығын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыныс ауыстыру туралы бұйрыққа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыныс ауыстыру туралы бұйрыққа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, жыныс ауыстыруға қатысты мәселе бұрыннан талқыланып келе жатыр. 2003 жылы Қазақстанда барлық норматив құжат қазіргімен салыстырғанда бірдей болған.

"Оған дейін де КСРО кезінде сол ережелер болған. Мәселе мынада, бұл азаматтарды сәйкестендіру болды, яғни бұл біздің дәрігерлер, бүкіл комиссия анықтаған белгілі бір бұзушылықтар болды. Бізде денсаулық сақтау жүйесінде "Халық денсаулығы туралы" кодекс шықты, кодексті іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілер шығаруыма тура келді. Тиісінше, біз көптеген жыл бұрын бекітілген бұйрықты қайта шығардық. Мұндай жағдайлар іс жүзінде Қазақстанда аз және олар мемлекет есебінен төленбейді. Яғни бұл тек азаматтардың құқығы. Мемлекет бюджеті есебінен немесе сақтандыру қоры есебінен төленбейді. "Цой бірдеңе шығарды" деп шулатып жіберді. Ол маған дейін, тіпті менің алдымдағы бес министрге дейін болған жағдай. Бірақ ақпарат алаңында байқадым, түрлі мем тарап кетті. Бірақ бұл жай маған дейін де болған процесс", - деп түсіндірді министр журналист Нартай Аралбайұлының YouTube-арнасына берген сұхбатында. 

Журналист нақтылау сұрағын қойды: "Сонда осы бұйрықтан кейін кез келген адам келіп "Мен жынысымды ауыстырғым келеді" деп айта ала ма?"

"Жоқ, әрине. Ол жерде біраз процедурадан өту керек. Арнайы комиссия бар. Бірақ соңғы бес-алты жылда ондай операция жасалған жоқ", - деді министр. 

Цой Қазақстанда жыныс ауыстыру бойынша қаржы қарастырылмағанын нақтылады.

Еске салайық, 17 наурызда желіде "Қазақстанда жынысты тегін ауыстыруға рұқсат берілді" деген фейк тарап кеткен болатын. Денсаулық сақтау министрлігі хабарламаға қатысты түсінік берді. 

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, "министр Алексей Цой жыныс ауыстыру отасын тегін жасауға арналған бұйрыққа қол қойған". Алайда Денсаулық сақтау министрлігі Желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтын мәлімдеген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети