РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
13 марта 2020 | 13:15

"Шу көтеруге негіз жоқ" - Омаров қазақстандықтарды сабырға шақырды

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстандағы азық-түлік қоры 5-6 айға жететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстандағы азық-түлік қоры 5-6 айға жететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство басшысы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, арнайы жедел штаб құрылғанын атап өтті. Штаб елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуге мониторинг жасайды.

"Бүгінгі ақпарат бойынша елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры - 1,2 миллион тоннадан астам. Бұл елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуге 5-6 айға толығымен жетеді. Қазіргі таңда өнімдер күнде өндіріліп жатыр. Мысалы, ұн, қант, ет, сүт өнімдері. Өндіріс тоқтап жатқан жоқ", - деді министр министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

 Осы орайда Сапархан Омаров қазақстандықтарды сабырға шақырды.

"Сондықтан шу көтеруге негіз жоқ. Мысалы, барлық азық-түлік тауарының жылдық өндірісі халықтың қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді. Кейбір тауарлар артығымен өндіріледі", - дейді ол.

Айта кетейік, осыған дейін сауда және интеграция министрі елімізде азық-түлік тапшылығы жоғын мәлімдеді.

Еске салайық, үкімет коронавирустың алдын алу бойынша шаралар қабылдағаннан кейін әлеуметтік желілерде супермаркет пен дүкен ішіндегі ұзын-сонар кезектің суреттері пайда бола бастады. Бұған тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшиннің сөзі ықпал еткен. Ол елімізге коронавирус алдағы аптада келуі мүмкін деген болжам жасаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети