РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
02 апреля 2020 | 15:58

Шолпанқұлов спекулянттармен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет. Фото: Тұрар Қазанғапов

Бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов төтенше жағдай кезінде бетперде және медициналық қорғаныш құралдарының бағасын негізсіз өсіргендермен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов төтенше жағдай кезінде бетперде және медициналық қорғаныш құралдарының бағасын негізсіз өсіргендермен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, коронавируспен күреске бөлінген қаражатқа не сатып алғаны туралы мәлімет қаржы және денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланады. 

Осы орайда Берік Шолпанқұлов еліміздегі бетперде тапшылығы мен оның неге қымбат бағаға сатылып жатқанына тоқталды.

"Қазақстанда бетперде жеткілікті. Жеке қорғаныш құралдары да бар. Қазіргі таңда мемлекет спекулянттарға қарсы күресті күшейтті. Олар бағаны өсіріп, жеке қорғаныш құралдарын Интернет және басқа жолмен сатады. Спекулянттар қарапайым адамдарың есебінен пайда тапқысы келеді. Бұл іске құқық қорғау органдары, экономикалық қылмысты тергеу қызметі жұмылды", - деді бірінші вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Осыған дейін қаржы министрі Әлихан Смаилов Президент тапсырмасы бойынша қазақстандықтарды тегін азық-түлікпен қамтамасыз етуге қанша қаржы бөлінетінін, ал ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елімізде экономикалық көрсеткіштер төмендеп жатқанын айтқан.

Сондай-ақ, премьер-министр Асқар Мамин үкімет дағдарысқа қарсы бірқатар шара қабылдайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақы мен зейнетақы өсетінін, төтенше жағдай жариялануына байланысты табыссыз қалған азаматар үшін жәрдемақы алатындардың санатын кеңейтуді тапсырған.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 402-ге жетті. 27 адам індеттен жазылды, 3 науқас қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети