РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
16 февраля 2022 | 11:32

Шетелге заңсыз шығарылған қаражат Қазақстанға қалай қайтарылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов шетелге заңсыз шығарылған капиталды Қазақстанға қайтару процесін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов шетелге заңсыз шығарылған капиталды Қазақстанға қайтару процесін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Марат Ахметжановтың сөзінше, біріншіден, қылмыстық іс қозғалуы керек.

"Оған құқықтық көмек беру үшін тапсырма береміз. Екі елмен (Қазақстан және қаржы кеткен ел-еск.) келісім болуы керек. Агенттік санкциялап, сұраныс жібереді. Екінші елдің құқық қорғау органдары мүліктің бар-жоғын тексереді. Егер болса, Қазақстан тарапынан санкциялап, шектеу қойылуы керек. Артынша сотталған кезде қаржы заңсыз жолмен алынғаны дәлелденгеннен кейін екінші елдің барлық мүлік немесе қаржыны қайтаруға мүмкіндігі болады", - деді Ахметжанов Мәжіліс отырысында.

Сонымен қатар, Марат Ахметжанов негізсіз баюға қатысты қаражат қалай қайтарылатынын түсіндірді.  

"Негізсіз баюға қатысты, заң жобасы қабылданған кезде күдікті адам қаражаттың қайдан келгенін түсіндіре алмаса заңға сілтеме жасап активтерді қайтару мүмкіндігі болады", - деді агенттік төрағасы. 

Марат Ахметжановтың айтуынша, Бас прокуратура тарапынан топ құрылды. Олар заңға сәйкес тәсілді қолданады. Қаржылық тергеу болады. Оның мерзімі жоқ, яғни тергеу ақша табылғанша жүре береді.   

Еске салайық, бұған дейін негізсіз баюға тыйым салатын заң 2027 жылы қабылданатыны айтылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети