Биыл Қазақстаннан шетелге ең көп кеткен мамандық иесі аталды. Пандемия кезінде елден 2 мыңнан аса техник қоныс аударған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, биыл алты айда Қазақстаннан 14 мыңнан аса адам шетелге қоныс аударған. Шекара асқандардың көбі Қарағанды облысынан - 2 100 адам. Шығыс Қазақстан облысынан 1 800, Павлодар облысынан 1 500 адам шетелге көшіп кеткен.
Aibat мәліметінше, елден кеткендердің 2 400-і техник, 1 200-і экономист, 678-і педагог, 417-і медицина қызметкері және 400-ден астамы сәулетші мен заңгер.
Қазақстанда елден кетіп жатқандар қатары соңғы 6 жылда артып жатыр.