РЕФЕРЕНДУМ ПО АЭС - 6 ОКТЯБРЯ
28 мая 2020 | 11:54

"Шетелге қанша капитал шығарылып жатқанын білмейміз" - депутат Маминге сауал жолдады

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: unsplash.com Көрнекі сурет: unsplash.com

Соңғы 20 жылда Қазақстаннан офшорлық аймаққа 140 миллиард долларға жуық ақша шығарылған. Бұл туралы Сенат отырысында депутат Ольга Перепечина айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Соңғы 20 жылда Қазақстаннан офшорлық аймаққа 140 миллиард долларға жуық ақша шығарылған. Бұл туралы Сенат отырысында депутат Ольга Перепечина айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат премьер-министр Асқар Мамин және Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа Қазақстаннан шетелге заңсыз шығарылып жатқан ақшаларға неліктен мониторинг жүргізілмейтінін сұрады.

"Қазақстаннан капиталды заңсыз шығару мәселесі әрдайым өзекті. Себебі елдің ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Ал, қазір дүниежүзі экономикасы, оның ішінде біздің елдің экономикасы да дағдарыс жағдайында тұрғандықтан, бұл түйткіл мәселеге айналды. Біз шетелге қанша капитал шығарылып жатқанын білмейміз. Себебі бірыңғай мониторинг және бағалау жүйесі жоқ, мемлекет тиісті зерттеу жүргізбейді. Сондықтан біз сарапшы ұйымдардың бағалауына жүгінуге мәжбүрміз", - деді Перепечина.

Депутат Tax Justice Network халықаралық ұйымының деректеріне сүйеніп, соңғы 20 жылда Қазақстаннан офшорлық аймаққа 140 миллиард долларға жуық қаржы шығарылғанын айтты.

Сонымен қатар, ұлттық және шетелдік валютаны репатрияциялық талаптарын орындамау бойынша 2015-2019 жылдар аралығында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде 238 қылмыстық іс тіркелген.

"Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, реабилитациялық негізбен 238 іс те аяқталған. Сотқа үш қылмыстық іс өткен. 238 тоқтатылған істен 70 пайызға жуығы, яғни 170 іс құқықбұзушылық болмады деген шешіммен аяқталған. Яғни, шетелге капитал шығару фактісі бар, алайда бұл факт ұлттық заңнамада құқықбұзушылық деп есептелмейді...

Шетелге кететін капиталды экономикалық зерттеу, монитиронг жүргізу жоспары бар ма? Мұны қандай мемлекеттік орган жүзеге асырады? Ұлттық заңнамада шетелген ақшаны заңды түрде шығарудың бірнеше жолы қарастырылған. Бірақ капиталды заңсыз шығару фактісіне байланысты ақшаны қайтару міндеті заңнамада көрсетілмеген", - деді депутат сауалын оқып.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 480.4   533.87   5.33 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети