ПОДЕЛИТЬСЯ
01 июля 2019 | 18:28
Шетелдік компаниямен келісімшартты үзгеніміз жоқ - "Теңізшевройл" өкілі
"Теңізшевройл" компаниясының үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев 29 маусымда болған қақтығыстарға қатысты тараған қауесеттерді жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Теңізшевройл" компаниясының үкімет және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев 29 маусымда болған қақтығыстарға қатысты тараған қауесеттерді жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, маусымның 29-ы күні Теңіз кен орнында жергілікті компания мен шетелдік CCEP компаниясы жұмысшыларының арасында қақтығыс болған еді.
Рзабек Артығалиев әлеуметтік желілерде таралып жатқан қауесеттер, нақтырақ айтқанда "шетелдік компаниялардың жұмысшылары депортацияланады", "қытайлық компаниялар" және "зауытта жұмыс тоқтап тұр" деген қауесеттердің рас-өтірігін айтты.
"Қазіргі уақытта әлеуметтік медиада өте көп фейк жүр. Бүгінгі таңда біз CCEP компаниясымен ешқандай да келісімшартты үзбедік. Компаниямен өткен жылдан бері бұл жұмыс істеп жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, осы қақтығысқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Барлық мәселе зерттеліп жатыр. Сондықтан бұл қауесетті жоққа шығарамын. Сондай-ақ, қаншама адамды депортациялады деген сөз де жүр. Тағы сондай бір қауесеттің ішінде қытайлық компания бар дейді. Біздің Теңіз кен орнында Қытайдың компаниясы жоқ. Оның барлығы қайдан шығып жүрген ақпарат екенін білмеймін, оның барлығын өздерінің өкілеттік органдарынан сұрарсыздар. Бірақ біздің ақпаратымыз бойынша, мұндай мәліметтерді нақты рас деп айта алмаймыз", - деп түсіндірді ол.
Артығалиевтің сөзінше, кен орнынан күн сайын вахта ауысымы болып, адамдар келіп жатады және қайтып жатады. "Келешек кеңею" аясында 25 мың адам жұмыс істейді, ал негізгі өнідірісімізде 15 мың адам жұмыс істейді. Сондықтан күн сайын вахта ауысымы ауысып отырады", - дейді ол.
Сондай-ақ, ол кеніште жұмыс тоқтап тұр деген қауесетті де жоққа шығарды. Оның айтуынша, ТШО-дағы үшінші буындағы зауыт алаңында жұмыс тоқтап тұр. "Оның өзіне іске қосуға жоспарлап жұмыс істеп жатырмыз. (...) Бір зауыттың ішінде кем дегенде 15 компания жұмыс істейді. Бұл компанияда (SSEP компаниясы - авт.) негізінде 8 мыңдай адам жұмыс істейді. Оның ішіндегі 600-ден аса адам шетелдік", - деді компания өкілі.
Араб компаниясының басшысы қазақстандықтардан кешірім сұрады
Бұған дейін Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері мессенджерлер арқылы таралып жатқан Теңіз вахталық ауылының аумағында притондар бар деген мәліметтерді жоққа шығарған еді.
Еске салайық, 29 маусымда Теңіз мұнай кен орнында WhatsApp-тағы сурет үшін тәртіпсіздіктер болған еді, "Сohsolited Contracting Endihering and Prourement s.a. L Offshore (ССЕР)" компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тың жақында жариялаған суретіне қатысты наразылықтарын білдірген болатын. Кейін құзырлы органдар 30 адамның дене жарақатын алғанын хабарлаған болатын.
Бұдан кейін облыс бойынша комиссия құрылғаны және оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкеновтің басқаратыны анықталған еді.
Показать комментарии
Читайте также