Шет мемлекеттерде коронавирусқа байланысты жағдайдың нашарлағаны үшін Қазақстан әуе рейстерінің санын қысқартады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шет мемлекеттерде коронавирусқа байланысты жағдайдың нашарлағаны үшін Қазақстан әуе рейстерінің санын қысқартады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жағдайдың тұрақты болғанына және аймақтың бәрі жасыл зонада болғанына қарамастан, басқа елдерде жағдайдың нашарлағанын көріп отырмыз. Сондықтан инфекцияның Қазақстанға кіріп кетуін тоқтату мақсатында ведомствоаралық комиссия осы жылдың 5 қазанынан бастап мынадай шешім шығарды:
- басқа елдермен әуе қатынасын тоқтатуды;
- қазір әуе қатынасы бар елдермен рейс санын көбейтпеу;
- Түркияға рейстер санын қысқарту;
- екінші санаттағы елдерден келетін азаматтарға қатысты мынадай талаптар қою: термометрмен өлшеу, анкета толтыру, коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтама (оның алынғанына үш күннен аспау керек). Анықтама болмаса, келген адам карантин стационарына екі күнге жатқызылады және COVID-19 анықтайтын лабораториялық талдау жасалады. Нәтижесі шыққан соң, жұқтырғаны расталса, инфекциялық стационарға жатқызылады. Ал ЕО және Өзбекстанмен шекарадан автокөлік арқылы өтетін азаматтарға қатысты да осындай шаралар қолданылады", - деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.
Еске салайық, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 107 979-ға жетті. Ал 102 937 науқас аурудан айықты, 1 725 адам қайтыс болды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!