ПОДЕЛИТЬСЯ
09 сентября 2021 | 12:37
Шектеулер мен Ashyq қосымшасы Ата заңға қайшы емес пе? Бекшин жауабы
Қазақстандағы коронавирус тарауына байланысты шектеулер мен Ashyq қосымшасын қолдану адам еркіндігі туралы бапқа қайшы келмейді. Бұл туралы Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшин қабылданған қаулының бәрі заңды екенін атап өтті.
"Эпидемияға қарсы қабылданып жатқан шараның бәрі заңды. Екіншіден, бұл күнделікті жағдай емес, бұл - пандемия. Сондықтан әрбір алдын алу, қорғау шараларын тек медицина қызметкерлерімен, көптеген ғалым, ведомстволық органмен, "Атамекен" ұлттық палатасымен ақылдасып, түрлі дәлел арқылы қабылданды, Ashyq жүйесі енгізілді. Көріп отырғандарыңыздай, бұл жүйе кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне ықпал етіп отыр. Сондықтан, менің ойымша, бұл өте дұрыс шешім", - деді Жандарбек Бекшин ӨКҚ брифингінде.
Еске салайық, 3 қыркүйекте Алматының бас санитария дәрігері қаладағы карантин режимін жеңілдеткен болатын. Жаңа қаулы бойынша, 4 қыркүйектен бастап Ashyq қатысушылары демалыс күндері де жұмыс істей алады.
Показать комментарии
Читайте также