15 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев республикамызда бір айға төтенше жағдай жариялады. Осыған байланысты шектеулер мен тыйымдар бекітілді. Әрине, бұл шаралар халықтың амандығы үшін жасалғанмен, кей сарапшылар экономиканың құлдырауынан одан да көп адам зардап шегуі мүмкін деген болжам айтып жатыр. Үлкен ауыртпалық бизнес иелеріне түскелі тұр. Бұл ретте әрекет екі жақтан да болуы керек, яғни кәсіпкерлер мен мемлекет тарапынан, дейді қаржы саласында 21 жылдық тәжірибесі бар маман Талғат Игліков. Ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында бизнесмендерге кеңес ретінде тығырықтан шығу жолдары мен бұл жағдайда мемлекеттің рөлі қандай және ол қалай көмектесуі тиіс екенін айтып берді.
15 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев республикамызда бір айға төтенше жағдай жариялады. Осыған байланысты шектеулер мен тыйымдар бекітілді. Әрине, бұл шаралар халықтың амандығы үшін жасалғанмен, кей сарапшылар экономиканың құлдырауынан одан да көп адам зардап шегуі мүмкін деген болжам айтып жатыр. Үлкен ауыртпалық бизнес иелеріне түскелі тұр. Бұл ретте әрекет екі жақтан да болуы керек, яғни кәсіпкерлер мен мемлекет тарапынан, дейді қаржы саласында 21 жылдық тәжірибесі бар маман Талғат Игліков. Ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында бизнесмендерге кеңес ретінде тығырықтан шығу жолдары мен бұл жағдайда мемлекеттің рөлі қандай және ол қалай көмектесуі тиіс екенін айтып берді.
Тығырықтан шығу жолы - қазіргі таңда өте өзекті. Талғат Игліковтің айтуынша, осы жағдайда экономиканың барлық секторы зардап шегеді, бірі қатты болса, екіншісі орташа дәрежеде немесе әлсіз. Оны санамалап отырғанда мән жоқ, себебі басты жау - үрей. Сондай-ақ, бұл жағдай адамдар үшін жаһандық сын-қатер екенін және ел басына қара бұлт үйірілгенде бизнес пен мемлекеттің әрекеті маңызды екенін айтты.
Бизнес, оның ішінде шағын және орта бизнеспен айналысатын адамдарға бүгінгі проблеманы шешу үшін өзгеру керегін түсіну қажет. Қалай? Қай бағытта?
"Біріншіден, болжам жасауды үйрену, алдымен сатуды, одан шыққан нәтижеден болжам шығарып, сәйкесінше шығынды есептеу. Кәсіпкерлер психологиясы былай, олар тек сату көлемін қадағалайды. Бүгінгі таңда қанша табыс табатыныңды болжау қиын екенін түсінемін, бірақ әркім шығынға батпаудың жолын іздеуі қажет. Бұл тағы бір мәселе, әйтпесе сатылымнан тек минусқа кетесің", - дейді қаржыгер.
Екіншісі - басқаша ойлауды үйрену. Оның айтуынша, біз қалай ойласақ, солай әрекет етеміз және өзгеріске алып келетін ең алғашқы кілт - парадигмамызды өзгерту. Талғат Игліков мысал ретінде консалтинг компаниясына барғандағы есепшімен болған әңгімесін келтірді.
"Сіздің 1С базаңыз ақпараттық жүйе ретінде ұнай ма, ол сіздің сұраныстарыңыз бен талаптарыңызға жауап бере ме?" деген едім, есепші барлығы ойдағыдай екенін айтты. Сол кезде мен оны тұрғыздым да, қаржы директорының орнына отырғызып, бас директор немесе акционер талап ететін бірқатар міндет қойдым (өнімнің өзіндік құны қандай, айналым капиталының мөлшері қандай, бизнесіміз жұмсалған бір теңгеге қанша пайда әкеледі). Ұзақ үзілістен кейін, есепші 1С-нің номенклатура, анықтама қағазы және басқа да көптеген өлшем бойынша қажетті талаптарға сай келмейтінін айтты. Алайда жаңа ғана оны барлығы қанағаттандырған", - дейді ол.
Үшіншіден, қалыптасқан жағдайға көзқарасты өзгерту және бұл сын-қатерді жақсы мүмкіндік ретінде көру.
"Жалпы әлем экономикасы қайта құрылып, жаһандық өзгерістер жүріп жатыр. Мысалы, көбі өз бизнесінде заманауи технологияларды қалай пайдалану керегін ойластыра бастады. Музей, театрлар онлайн трансляцияларға өтті. Жоғары оқу орындарының студенттері қашықтан білім алып жатыр. Консалтинг компаниялары онлайн конференцияларға көшті және тағы басқалары. Сондықтан бүгінгі таңда әрбір кәсіпкер заманауи технологияларды өндірісіне нені, қалай қолдана алатынын ойлауы керек. Бір есік жабылса, екіншісі міндетті түрде ашылады", - дейді Талғат Игліков.
Төртіншісі - оқу, білім алу. Оның айтуынша, қазіргі әлем коронавируссыз-ақ ғажайыптар еліндегі Алисаның сөзіне ұқсас болған, ол "сол әлемде бір орында қалу үшін қашу керек" деген.
"Жалпы елімізде қаржы сауаты деңгейі өте әлсіз, бұл бүкіл қаржы сұрақтарын шешу үшін бухгалтердің командада болғаны жеткілікті деп ойлайтын кәсіпкерлерге де қатысты. Мен 23 жасымда үлкен корпорацияның бас бухгалтері болдым және онда 6 жылдан астам уақыт жұмыс істедім, сондықтан мен не айтып тұрғанымды жақсы түсінемін. Осыны ескере отырып, кәсіпкер қаржы болжамы мен үлгілер жасауды өз қолына алуы тиіс. Білімді жетілдіру - өзгерістің кепілі және мұнда бизнесмен шешімді өзі қабылдауы керек", - деп түсіндірді маман.
Бұл жағдайда мемлекеттің рөлі қандай және ол қалай көмектесуі тиіс?
"Алдымен терең дем алып, сабыр сақтауларыңызды сұрар едім. Өйткені, мемлекет бір жағынан өртті сөндіріп жатса, екінші жағынан оған май құйып жатыр", - дейді Талғат Игліков.
"Біріншісінен бастайын. Азаматтар мен бизнеске кредиттер бойынша айыппұл салынбайтын болды. Банк өз кезегінде кредит беруді тоқтатады, бұл ақшалай өтімділікке әсер етеді, яғни экономикаға бұл ақша жетпейтін болады.
Келесі, барлық ойын-сауық орталық, спорт кешендері, театр, кафе, фитнес орталықтары жабылды. Осылайша шағын және орта бизнес арасында ақша айналымы тежеледі. Бұл автомат түрде салық төлеуге, жалақы, бизнес арасындағы есеп айырысуға әсер етеді. Экономикада дәл осы ақша айналымы маңызды, мысалы бір мың теңге экономикаға қаншалық пайда әкелуі мүмкін? Мен күнде таксиге мың теңге жұмсаймын делік, ол таксист кафеде түскі ас ішеді, кафе иесі осы ақшаға азық-түлік сатып алады, ал оны сатқан адам басқа да қызметтерге жүгінеді. Осылайша бір мың теңге көп адамның қимылдауына түрткі болады. Ал енді бүгінгі жағдайда қандай салдар болатынын түсініп отырсыз ғой?
Шекара жабылды, тауар алмасу тоқтады. Қанша дегенмен, Қазақстан экономикасы шикізат сатуға бағытталған, осыдан бірден импортқа тәуелділік шығады. Бұл экономикада "Голландиялық ауру" деп аталады. Шекараның жабық болғаны, дөңгелекке таяқ тығып қойғанмен бірдей.
Нәтижесінде, біз бюджетке төленбеген салық түріндегі ақшаны есептемейміз, бұл инфляция және бюджет тапшылығын тудырады, ал бұл екі фактор теңгені әлсіретеді. Сондықтан проблеманың өзіне назар аударған жөн", - деп түсіндірді ол.
"Мемлекет проблемамен күрестің басқа жолын табуы керек"
Талғат Игіліковтің айтуынша, мемлекет бәрінің жолын кесудің орнына, экономика мен бизнес аз шығындалатындай вируспен күрестің басқа жолын табуы керек.
"Мәселені дәлірек, тиянақты шешу қажет. Ойланып көрейік, қазір не болып жатыр? Мен бір, екі немесе үш аптаға азық-түлікті сатып алдым делік, олар ерте ме, кеш пе таусылады. Менің ақшам көп және қалаған барлық нәрсемді сатып аламын десек те, ол да бір күні аяқталады. Сол үшін адам жұмыс істеуі керек, ақшасы біткен кезде, оны таба алу қажет, ал азық-түлік аяқталғанда, сатып алу мүмкіндігі болуы тиіс. Мәселені тиянақты шешу дегеніміз - экономикадағы осы айналымды тоқтатып алмау", - дейді ол.
Бизнес үшін дағдарыс салдары қандай болмақ?
Вирус жұқтырған адамдармен салыстырғанда, бизнесте барлығы аман қалады деп айту қиын. Бұл қаржы маманының ойы.
"Мен барлық ауырып жатқан адамның емделетініне сенімдімін. Ал бизнесте бәрі қалмайды, тиімсіз компаниялар жабылып, тұрақтылық сақтай алған және өзгере алатындар ғана қалады. Бұл өмір сүру үшін іріктеу сияқты", - деп ойын бөлісті ол.
Еске салайық, төтенше жағдай жарияланғаннан кейін ірі сауда объектілерінің жұмысы шектелді, адам көп жиналатын сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатр, театр, көрмелер қызметін тоқтатты, бұқаралық іс-шараларға, отбасылық той-томалаққа тыйым салынды, елге кіріп-шығу шектелді, ал Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин жарияланды.
Кейін отандық кәсіпкерлерді қолдауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бюджеттен 300 миллиард теңге бөлінетіні белгілі болды. Кеше, 19 наурызда Президент өзінің Twitter желісіндегі парақшасында коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіп иелерінің айналым капиталы үшін 8% мөлшерлеме бойынша 1 жыл мерзімге 600 миллиард теңге сомаға жеңілдетілген несие беруді тапсырғанын хабарлады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!